Алматы, 2026 жылғы 8 шілде. Қазақстандағы Geely-дің ресми дистрибьюторы және Orbis Auto автомобиль тобының құрамына кіретін G Motors Kazakhstan компаниясы жаңартылған Monjaro моделін таныстырды. Бұл – CCD адаптивті аспасымен, Flyme Auto цифрлық экожүйесімен және жүргізушіге көмектесетін интеллектуалды жүйелердің кеңейтілген кешенімен жабдықталған брендтің флагмандық кроссовері. Қазақстанда бұл модель екі түрлі жиынтықта қолжетімді: Flagship және Flagship+. Monjaro-ның Flagship жиынтығындағы құны 16 290 000 теңгеден, ал Flagship+ нұсқасы 16 790 000 теңгеден басталады.
Әлемдік нарықтағы бес жыл ішінде Geely Monjaro-ның сатылымы дүниежүзінің 30-дан астам елінде бір миллион автокөліктен асты. Қазақстанда 2023 жылдан бастап 2026 жылдың маусымына дейінгі аралықта бұл модельдің 1540 данасы сатылды, бұл сатып алушылардың брендтің флагмандық кроссоверіне деген тұрақты қызығушылығын дәлелдейді.
Модельдің басты жаңартуларының бірі – жол жабынын секундына 1000 ретке дейін талдап, нақты уақыт режимінде амортизаторлардың қаттылығын үздіксіз реттеп отыратын электронды түрде басқарылатын CCD адаптивті аспасы болды. Жүргізушіге аспа жұмысының бірнеше алгоритмі қолжетімді – мейлінше жұмсақ әрі жайлы режимнен бастап, шассидің серпінді реакциясы бар спорттық режимге дейін таңдауға болады.
CMA модульдік архитектурасында құрастырылған Monjaro алтыншы буындағы BorgWarner толық жетек жүйесімен үйлесе отырып, айналу сәтінің осьтер арасында дәл әрі жылдам бөлінуін қамтамасыз етеді және автокөліктің әртүрлі жол жағдайларына тиімді бейімделуіне көмектеседі.
Сондай-ақ салонның цифрлық архитектурасында да елеулі өзгерістер орын алды. Monjaro мультимедиа жүйесінің 15,4 дюймдік дисплейімен, 12,3 дюймдік цифрлық аспаптар панелімен және 25,6 дюймдік проекциялық дисплеймен жабдықталған. Flyme Auto мультимедиа жүйесі сымсыз Apple CarPlay және Android Auto функцияларын қолдайды, бұл смартфонмен кедергісіз әрі жылдам байланысуды қамтамасыз етеді.
Monjaro-нің технологиялық мүмкіндіктері премиум деңгейдегі жайлылықпен үйлесім тапқан. Дөңгелек базасы 2845 мм болатын кең салон жақсартылған әрлеу материалдарымен және мұқият ойластырылған эргономикамен ерекшеленеді. Алдыңғы қатардағы орындықтар желдету, жылыту және үш деңгейлі қарқындылыққа ие 8 нүктелі массаж функциясымен жабдықталған. Ал Flagship жиынтығында дәл осындай мүмкіндіктер алдыңғы жолаушы орындығына да қолжетімді. Көлемі 1300 литрге дейін жететін жүксалғыш кроссоверді күнделікті пайдалануға да, алыс сапарларға шығуға да қолайлы етеді.
Модель жүргізушіге көмек көрсететін заманауи жүйелер кешенімен жабдықталған. Олардың қатарында бейімделгіш круиз-бақылау жүйесі, автоматты шұғыл тежеу жүйесі, қозғалыс жолағында ұстап тұру жүйесі, көрінбейтін аймақтарды бақылау жүйесі және автомагистральда жүруге арналған көмекші жүйе бар.
Модельдің сыртқы келбеті де бірқатар нүктелік жаңартуларға ие болды. Соның ең маңыздысы – тау шыңдарының бейнесінде жасалған жаңа радиатор торы. Бұл элемент автокөліктің айбынды әрі беделді сипатын айқындай түседі. Сонымен қатар жаңартылған аэродинамикалық бөлшектер мен жаңа дизайндағы дөңгелек дискілері кроссовердің динамикалық әрі премиум келбетін күшейте түскен.
Monjaro көлігінің Premium және Flagship жиынтықтары қуаты 245 ат күшіне тең екі литрлік турбоқозғалтқышпен, сегіз сатылы автоматты беріліс қорабымен және интеллектуалды толық жетек жүйесімен жабдықталған. Қозғалтқыштың айналу сәті 380 Н·м құрайды. Автокөлік 100 км/сағ жылдамдыққа небәрі 7,6 секундта жетеді. Бұл өз сегментіндегі ең үздік динамикалық көрсеткіштердің бірі. Ал орташа жанармай шығыны 100 шақырымға 8,9 литрді құрайды.
Тіпті базалық жиынтықтың өзінде модель премиум деңгейдегі көптеген жабдықтармен ұсынылады. Олардың қатарында жарықдиодты оптика, люгі бар панорамалық шатыр, жүксалғыш есігінің электр жетегі, алдыңғы әйнек пен тізгінді жылыту жүйесі, навигациясы және дыбыстық көмекшісі бар мультимедиялық жүйе қамтылған. Ал Flagship нұсқасы қосымша 20 дюймдік дөңгелек дискілерімен, үш аймақты климат-бақылау жүйесімен, толықтырылған шынайылық технологиясы бар проекциялық дисплеймен, 16 динамигі бар Flyme Sound аудиожүйесімен және жүргізушіге арналған кеңейтілген электрондық көмекші жүйелер топтамасымен жабдықталған.
Модельге 7 жыл немесе 200 мың шақырым жүріске дейінгі ресми кепілдік беріледі.
Қазіргі уақытта Geely бренді Қазақстанның 14 қаласында орналасқан 19 ресми дилерлік орталық арқылы ұсынылған. Жақын жоспарда Қостанай, Шымкент және Қарағанды қалаларында екінші дилерлік орталықтарды, сондай-ақ Тараз бен Петропавлда жаңа дилерлік орталықтарды ашу бар.








