WORLD SPORTS PHOTOGRAPHY AWARDS 2026 БАС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Интервью с Еленой Ковардаковой. Про космос. Кино. СССР.

Canon қолдауымен өтетін World Sports Photography Awards байқауы ЭДГАР СУДЫҢ «КАРЛОСТЫҢ КӨЛЕҢКЕСІ ДОПҚА СОҚҚЫ БОЛДЫ» (CARLOS’ SHADOW HITS A BALL) атты фотсуреті 2026 жылғы рекордтық конкурстың бас жүлдегері атанғанын мақтанышпен хабарлайды.

Тек спорттық фотосуреттерге арналған әлемдегі жалғыз жаһандық сыйлық саналатын бұл конкурс әлемнің ең үздік кәсіби спорт фотографтарының жұмыстарын біріктіреді. Барлық жеңімпаз суреттер World Sports Photography Awards ресми сайтында ұсынылады.

Жеңімпаз фотосуретте испандық теннисші Карлос Алькарас Мельбурнде (Австралия) өткен Australian Open 2025 турнирінің төртінші айналымында британдық Джек Дрейперге қарсы ойнаған сәті мінсіз дәлдікпен бейнеленген.

Аталмыш туынды американдық футбол, жеңіл атлетика, бейсбол, ат спорты, гольф, ракеталық спорт түрлері, қысқы спорт, футбол және өзге де санаттарды қамтыған 24 үздік фотосуреттен құралған топтаманың көшін бастап тұр.

Биылғы жыл байқауы — конкурс тарихындағы ең ауқымдысы болды. 123 елден 4 120 фотограф ұсынған рекордты 23 130 сурет конкурсқа қатысып, сыйлықтың  халықаралық беделі мен әлемдік деңгейде кеңінен танылғанын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Осы жылы ұсынылған жұмыстардың жоғары сапасы мен жан-жақтылығы технологиялық прогресс қарқынды дамыған заманда да фотограф шеберлігінің шешуші рөл атқаратынын көрсетті. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі спорт фотографтары жанрдың шығармашылық шекарасын кеңейтіп, шабыт беруді жалғастырып келеді.

Canon Europe компаниясының суреттерді өңдеу бөлімшесінің өнімдік маркетинг жөніндегі менеджері Ричард Шеперд:

«Биыл марапатталған жұмыстар фотографтардың шығармашылық әлеуетінің ең биік деңгейін айқын көрсетеді. Бұл суреттер спорттың бұрын байқалмаған қырларын ашты. Canon-ның мақсаты — фотографтар күрделі әрі күйзелісті сәттерде сенім арта алатын жабдықтармен осы шығармашылықты қолдау. Бұл оларға ең шешуші мезеттерде бірегей кадрлар түсіруге мүмкіндік береді» — деді Ричард Шеперд.

Обнаружили ошибку или мёртвую ссылку?

Выделите проблемный фрагмент мышкой и нажмите CTRL+ENTER.

В появившемся окне опишите проблему и отправьте уведомление Администрации ресурса.

Другие новости

wave
thumb
thumb
thumb
thumb
thumb
thumb

Комментарии (0)

wave

Оставить комментарий

wave