«Касперский зертханасының» деректеріне* сәйкес, 2026 жылдың қаңтар–мамыр айларында 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Қазақстандағы жеке пайдаланушыларға эксплойттарды қолдану арқылы жасалған кибершабуылдар саны 54%-ға өсті. Эксплойттар – бағдарламалық қамтамасыз етудегі осалдықтарды пайдаланатын зиянды бағдарламалар. Сонымен қатар шифрлаушы бағдарламаларды (ransomware) қолданатын шабуылдар саны да 5%-ға артты. Мұндай зиянды бағдарламалар пайдаланушының құрылғысына еніп, ондағы деректерді шифрлап, оларды қалпына келтіру үшін ақша талап етеді.
2026 жылы ең жиі тіркелген эксплойттар: Exploit.MSOffice.CVE-2017-11882.gen; Exploit.Script.Generic; Exploit.OLE2.Toolbar.a; Exploit.Multi.Desert.gen; Exploit.Ruby.CVE-2023-22515.a. Ең көп таралған шифрлаушы бағдарламалар: Trojan-Ransom.Win32.Wanna.m; Trojan-Ransom.Win32.Zerber.vho; Trojan-Ransom.Win32.Wanna.zbu; Trojan-Ransom.Win32.GandCrypt.vho; Trojan-Ransom.Win32.Gen.gen.
Қазақстандағы жеке пайдаланушылар жиі кездесетін өзге де киберқауіптердің қатарында қаржылық зиянды бағдарламалар, құпиясөздерді ұрлауға арналған стилерлер және шпиондық бағдарламалық қамтамасыз ету бар.
«Зиянды бағдарламалар үнемі жетілдіріліп отырады, ал киберқылмыскерлер оларды тарату үшін барған сайын күрделі тәсілдерді қолдануда. Мысалы, зиянды бағдарламалар танымал бағдарламаларды немесе компьютерлік ойындарға арналған модтарды жүктеп алуды ұсынатын түрлі пираттық сайттарда жасырынуы мүмкін. Сондай-ақ олар фишингтік шабуылдар арқылы таралады. Мұндай жағдайда пайдаланушылар әртүрлі сылтаумен электрондық хаттағы зиянды тіркемені немесе жалған сайттағы файлды жүктеп алуға көндіріледі. Кейбір жағдайларда зиянды бағдарламалар ресми қосымшалар дүкендеріне де заңды қосымша ретінде еніп кетеді. Сондықтан сақ пайдаланушылардың өзі алдауды бірден байқай бермейді. Қауіптен қорғану үшін құрылғыға зиян келтірмей тұрып зиянды бағдарламаларды анықтап, бұғаттайтын сенімді қорғаныс шешімдерін пайдалану қажет», – деді «Касперский зертханасының» Қазақстан, Орталық Азия және Моңғолия бойынша басқарушы директоры Валерий Зубанов.
«Касперский зертханасы» пайдаланушыларға келесі ұсыныстарды береді:
- барлық аккаунттар үшін күрделі әрі бірегей құпиясөздерді пайдалану және мүмкіндігінше екі факторлы аутентификацияны (2FA) қосу;
- киберқылмыскерлер пайдалануы мүмкін осалдықтарды уақытылы жабу үшін операциялық жүйе мен бағдарламалық қамтамасыз етуді тұрақты түрде жаңартып отыру;
- бағдарламаларды тек ресми қосымшалар дүкендерінен немесе әзірлеушілердің ресми сайттарынан жүктеу;
- зиянды бағдарламаларды құрылғыға жұқтырмай тұрып анықтап, бұғаттайтын сенімді қорғаныс шешімін, мысалы Kaspersky Premium, пайдалану.
* Деректер «Касперский зертханасының» қорғау шешімдерінің құпияландырылған статистикасына негізделген.








