Volkswagen Қазақстанға қайта оралады: Orbis Auto Volkswagen China компаниясымен келісімге қол қойды

Интервью с Еленой Ковардаковой. Про космос. Кино. СССР.

Алматы, 2026 жылғы 15 шілде. Қазақстандағы Volkswagen брендінің ресми дистрибьюторы – Orbis Auto автомобиль тобы ел нарығына Volkswagen автокөліктерін жеткізу және брендтің модельдік қатарын кеңейту туралы Volkswagen China компаниясымен келісімге қол қойды. Автокөліктер сатылымы 2026 жылдың екінші жартыжылдығында басталады.

Келісім бойынша Volkswagen бренді Қазақстан нарығына қайта оралып, еліміздегі тұтынушылар үшін модельдік қатарын кеңейтеді. Өнім портфелін дамыту аясында нарыққа Volkswagen брендінің модельдік гаммасын толықтыратын Jetta желісі де шығады.

Volkswagen China компаниясы Қазақстанның автомобиль нарығының әлеуетін жоғары бағалайды және Orbis Auto-мен серіктестікті еліміздегі тұтынушылар үшін Volkswagen брендінің қолжетімді болуын қайта жандандырудағы маңызды кезең деп қарастырады. 

«Біз Orbis Auto-мен стратегиялық серіктестікті жоғары бағалаймыз және Қазақстанның автомобиль нарығының зор әлеуетіне сенімдіміз. Экспорт – Қытайдағы Volkswagen брендінің басты стратегиялық мақсаттарының бірі. Біздің міндетіміз – Қазақстанда брендтің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін Volkswagen-нің қуатты өнім портфелі мен технологиялық тәжірибесін тиімді пайдалану. Біз бұл нарықты ұзақмерзімді бағыт ретінде қарастырамыз. Сондықтан тек автокөлік сатылымын кеңейтіп қана қоймай, Orbis Auto-мен бірге бүкіл Орталық Азия аймағы үшін үлгі болатын заманауи сату және сервистік қызмет көрсету экожүйесін қалыптастыруды көздеп отырмыз», - деп атап өтті Volkswagen Brand China бас директоры доктор Роберт Цисек.

Келісім аясында Қазақстан нарығына Volkswagen-нің Bora, Passat, Tayron және Talagon модельдері жеткізіледі. Модельдік қатарды күнделікті тиімділік пен қолжетімді бағаға бағытталған Jetta брендінің VA7, VS7 және VS8 модельдері толықтырады. Бұл ретте, аталған желідегі автокөліктер Volkswagen-нің инженерлік шешімдеріне негізделген және брендтің сапа, инженерия әрі қауіпсіздік бойынша бірыңғай стандарттарын сақтай отырып, Volkswagen-нің жаһандық құрылымы аясында шығарылады.

«Volkswagen – Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде ең танымал автокөлік брендтерінің бірі. Бұл брендтің тұрақты тұтынушылары мен адал жанкүйерлері бұрыннан қалыптасқан. Соңғы жылдары Қазақстандағы модельдік қатары шектеулі болғандықтан, енді біз брендтің жұмысын жаңа деңгейде қайта іске қосып отырмыз. Жақын арада қазақстандықтарға бірнеше жаңа модель ұсынылады. Volkswagen автокөліктері енді зауыттардан тікелей жеткізіледі. Сонымен қатар дилерлік желі мен сервистік қызмет көрсету инфрақұрылымын кезең-кезеңімен кеңейтеміз. Біздің басты мақсатымыз – Volkswagen брендінің Қазақстан нарығындағы тұрақты орнын қайта қалыптастырып, тұтынушыларға ресми Volkswagen-нен күтетін барлық мүмкіндікті ұсыну. Яғни заманауи модельдер, сатып алудың ашық әрі түсінікті шарттары және өндірушінің толық ресми қолдауы. Сондай-ақ Orbis Group холдингіне сенім білдірген Volkswagen Group, Volkswagen Brand China және FAW-Volkswagen компанияларындағы серіктестерімізге алғысымызды білдіреміз», - деді Orbis Auto бас директоры Динара Искакова.

Қазақстан нарығына арналған автокөліктерді жеткізу Volkswagen-нің Қытайдағы өндірістік алаңдарынан жүзеге асырылады. Өндіріс Volkswagen-нің Қытайдағы бірлескен кәсіпорны – FAW-Volkswagen зауыттарында орындалады. Бірінші деңгейдегі 2 000-ға жуық жеткізушімен серіктес бола отырып, FAW-Volkswagen тұрақты өндірістік және логистикалық тізбекті қалыптастырды. Компания сонымен қатар 1 500-ден астам дилерлік кәсіпорынмен жұмыс істейді, бұл клиенттерге жоғары деңгейде қызмет көрсету мен қолдауды қамтамасыз етеді.

Volkswagen брендінің Қазақстандағы дамуы дилерлік және сервистік инфрақұрылымның кеңеюімен ұласады. 2030 жылға қарай Orbis Auto Volkswagen дилерлік орталықтарының желісін 22-ге дейін арттыруды, түпнұсқа қосалқы бөлшектердің тұрақты жеткізілімін қамтамасыз етуді және Volkswagen Group-тың бірыңғай қызмет көрсету стандарттарын сақтауды жоспарлап отыр.

Қазақстан нарығына жеткізілетін Volkswagen автокөліктеріне 3 жыл немесе 100 000 км жүріске кепілдік беріледі.

Обнаружили ошибку или мёртвую ссылку?

Выделите проблемный фрагмент мышкой и нажмите CTRL+ENTER.

В появившемся окне опишите проблему и отправьте уведомление Администрации ресурса.

Другие новости

wave
thumb
thumb
thumb
thumb
thumb
thumb

Комментарии (0)

wave

Оставить комментарий

wave