Алматыда жануарларға арналған 14 баспана қатысатын «Кел, көмектесейік» қайырымдылық фестивалі өтеді

Интервью с Еленой Ковардаковой. Про космос. Кино. СССР.

11 шілде күні Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында (Горький саябағы) үй жануарларын азықтандыру және күтіп-баптау саласындағы сарапшы Purina бренді (Nestlé Purina Pet Care – Nestlé S.A. компаниялар тобының құрамына кіреді) ұйымдастыратын «Кел, көмектесейік» қайырымдылық фестивалі сегізінші рет өтеді.

Жоба жануарларға жаңа үй сыйлауға дайын жандарды баспаналардағы жануарлармен табыстырып, үй жануарларына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Өткен жылы фестивальдің арқасында 25 ит пен мысық өз отбасын тапты. Сонымен қатар, іс-шараның ағартушылық миссиясы мыңдаған адамды қамтиды: келушілер бір күн ішінде мамандардан үй жануарларын дұрыс азықтандыру, тәрбиелеу және денсаулығына күтім жасау туралы пайдалы ақпарат алады.

11 шілдеде өтетін фестивальде 14 баспанадан келген 79 ит пен мысық жаңа иелерін күтеді. Қонақтар жануарлармен танысып, еріктілермен сөйлесе алады. Егер өзіне лайықты серігін тапса, қажетті құжаттарды рәсімдеп, жануарды сол күні жаңа үйіне алып кете алады.

Сонымен қатар, фестиваль қонақтарын келесі іс-шаралар күтеді:

  1. ветеринар, кинолог және грумердің кеңестері;
  2. үй жануарын отбасына қабылдауға дайындық, оның жаңа ортаға бейімделуі және дұрыс күтімі туралы мамандардың дәрістері;
  3. балалар мен ересектерге арналған шеберлік сабақтары;
  4. фотоаймақтар, аквагрим және бүкіл отбасыға арналған басқа да қызықты белсенділіктер.

Баспанадан жануарды асырап алуға шешім қабылдаған қонақтарға ұйымдастырушылар жем мен қажетті керек-жарақтар салынған сыйлық жиынтықтарын табыстайды. Бұл жаңа үй жануарына жаңа ортаға тезірек бейімделуге көмектеседі.

Purina PetCare Еуразия өңірі бойынша бизнесті дамыту менеджері Александр Каменский:

«Purina үшін үй жануарларына қамқорлық олардың отбасының бір бөлігіне айналуынан әлдеқайда бұрын басталады. Сондықтан біз тек баспаналардағы жануарларға жаңа үй табуға көмектесіп қана қоймай, болашақ иелеріне қажетті білім мен қолдау көрсететін орта қалыптастыруға ұмтыламыз. «Кел, көмектесейік» фестивалі – жануарларға жауапкершілікпен қарау күнделікті жасалатын қарапайым, бірақ маңызды қадамдардан басталатынын көрсететін мүмкіндік».

 

«Белый Бим» жануарлар панасының негізін қалаушы Наталья Сульжик:

«Панадағы әр жануардың өз тағдыры бар, бірақ олардың барлығын біріктіретін бір нәрсе – олар сенім арта алатын адамын күтеді. Осындай іс-шаралар адамдарға жануарлармен жайлы атмосферада танысып, еріктілермен сөйлесуге, барлық сұрақтарына жауап алып, саналы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Біз үшін осы күн көптеген қамқорлығымыздағы жануардың жаңа өмірінің бастауы болады деп сенеміз».

 

Күні: 2026 жылғы 11 шілде

Уақыты: 11:00-20:00
 Өтетін орны: Алматы, Центральный парк культуры и отдыха (Парк Горького), ул. Гоголя, 1

Кіру тегін

Обнаружили ошибку или мёртвую ссылку?

Выделите проблемный фрагмент мышкой и нажмите CTRL+ENTER.

В появившемся окне опишите проблему и отправьте уведомление Администрации ресурса.

Другие новости

wave
thumb
thumb
thumb
thumb
thumb
thumb

Комментарии (0)

wave

Оставить комментарий

wave