Алматыда «Қауіпті үнсіздік» тақырыбында тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну мәселесі талқыланды

Интервью с Еленой Ковардаковой. Про космос. Кино. СССР.

Алматы қаласында тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісінуге (ТҚАІ) арналған паблик-ток форматындағы сараптамалық пікірталас өтті. ТҚАІ — сирек кездесетін, алайда өмірге тікелей қауіп төндіруі мүмкін ауру, ол көп жағдайда пациенттің өміріне қатер төнген сәтке дейін дер кезінде анықталмай қалады. Іс-шара «Такеда Қазақстан» компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды. Кездесу аясында журналистер, дәрігер-сарапшылар, пациенттік қауымдастық өкілдері және қоғамдық ұйымдар бас қосып, ТҚАІ қауіптері, дер кезінде диагностикалаудың маңызы және ұзақ мерзімді профилактиканың рөлі туралы ашық әрі жан-жақты талқылау жүргізді.

«Биыл 28 ақпанға сәйкес келетін Халықаралық сирек аурулар күні қарсаңында біз өмірге қауіп төндіретін жағдайлар дамығанға дейін жиі назардан тыс қалатын диагноздарға қоғам назарын аудару мақсатында паблик-ток өткізіп отырмыз. Тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну (ТҚАІ) — дәл осындай аурулардың бірі. Бұл дертте уақтылы диагностика мен профилактикалық емдеу пациенттердің өмір сүру ұзақтығы мен өмір сапасына тікелей әсер етеді», — деп атап өтті «Такеда Қазақстан» компаниясының Медициналық бөлімінің директоры Заринна Кожахметова.

Кездесуге қатысушылар ТҚАІ-дің не себепті «үнсіз қауіп» деп аталатынын талқылады. Ауру дененің кез келген бөлігінде және ішкі ағзаларда - бетте, көмейде, іш қуысында, аяқ-қолдарда, жыныс ағзаларында кенеттен пайда болатын ісінулермен сипатталады. Алайда ұстамалардың қайсысы тыныс жолдарының ісініп, тұншығу салдарынан өлімге әкелетінін алдын ала болжау мүмкін емес. Сарапшылардың пікірінше, дәл осы себепті қоғамның хабардар болуы, дұрыс әрі дер кезінде диагностика жүргізу және мұндай ұстамалардың алдын алуға бағытталған профилактика қайғылы салдарды болдырмауда шешуші рөл атқарады.

Әлемдік статистикаға сәйкес, тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну орта есеппен әр 50–100 мың адамның бірінде кездеседі. Бұл көрсеткішті Қазақстанға бейімдесек, елде шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін екенін аңғартады. Алайда сарапшылардың айтуынша, қазіргі таңда ресми түрде небәрі 100-ге жуық жағдай ғана диагностикаланған. Бұл аурудың анықталу деңгейінің төмендігін және мәселе жөніндегі хабардарлықтың жеткіліксіздігін көрсетеді. *

«ТҚАІ өзінің болжап болмайтын сипатымен қауіпті. Адам сырттай мүлде сау көрінуі мүмкін, алайда кез келген сәтте өміріне қауіп төндіретін жағдайға тап болуы ықтимал. Медициналық қауымдастықтың міндеті — пациенттер мен олардың жақындарын алаңдататын белгілерді тануға және дер кезінде мамандандырылған көмекке жүгінуге үйрету», — деп атап өтті «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ жанындағы Республикалық аллергологиялық орталықтың басшысы, Алматы қаласының штаттан тыс бас аллерголог-иммунологы Арай Батырбаева.

Пікірталас барысында аурудың тұқым қуалайтын сипатына ерекше назар аударылды. Спикерлердің айтуынша, отбасының бір мүшесінде ТҚАІ анықталса, бұл оның жақын туыстарын да тексеруден өткізуге негіз болуы тиіс. Себебі ерте диагностика еңбекке қабілетсіздік пен өлім қаупін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

«ТҚАІ-мен өмір сүрудегі ең қиыны — белгісіздік. Диагноз қойылғанға дейін мен үнемі қорқынышпен өмір сүрдім және не болып жатқанын түсінбедім. Ал диагноз анықталғаннан кейін айқындық пен жағдайды бақылау сезімі пайда болды. Ауру туралы білім мен емге қолжетімділік өмірді жоспарлауға, кенеттен болатын ұстамадан, яғни тұншығу қаупінен үрейленбей өмір сүруге мүмкіндік береді», — деп бөлісті "Тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну» науқастар ұйымы» ҚҰ қазақстандық коммерциялық емес ұйымының жетекшісі Екатерина Дмитриевна Татаренко.

Талқылау барысында сарапшылар ТҚАІ-мен ауыратын пациенттерді жүргізудің заманауи тәсілдері туралы да баяндады. Қазіргі таңда ұзақ мерзімді профилактика ауруды бақылаудың ең тиімді стратегиясы ретінде қарастырылады. Ол ұстамалардың жиілігі мен ауырлығын едәуір төмендетуге, жедел медициналық көмекке жүгіну қажеттілігін азайтуға және пациенттердің өмір сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

«ТҚАІ — бұл үкім емес. Уақтылы диагностика жасалып, дұрыс таңдалған профилактикалық терапия қолданылған жағдайда пациенттер белсенді әрі толыққанды өмір сүре алады. Ауру неғұрлым ерте анықталса, өмірге қауіп төндіретін жағдайлардың қаупін соғұрлым төмендетуге мүмкіндік жоғары», — деп атап өтті іс-шара жүргізушісі, белгілі қазақстандық тележүргізуші Вера Захарчук.

Кездесудің ең әсерлі сәттерінің бірі - Вера Захарчук авторлық «Медицина KZ» бағдарламасынан тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісінуге арналған үзіндінің көрсетілімі болды. Пациенттердің ашық әрі шынайы жеке оқиғалары арқылы бағдарлама сирек аурулармен өмір сүретін адамдардың қандай осалдық пен қорқынышқа тап болатынын бүкпесіз көрсетеді. Жылдарға созылған белгісіздік, кеш қойылған диагноз және емге қолжетімділіктің шектеулі болуы олардың өміріне тікелей әсер ететіні айқын көрініс тапты. Аталған үзінді пікірталасқа қатысушылардың барлығы үшін ортақ ой түйісер тұсқа айналып, медициналық терминдер мен статистиканың артында нақты адам тағдырлары тұрғанын тағы бір мәрте еске салды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сарапшылар, пациенттік қауымдастық және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтетін ашық диалог сирек ауруларға қатысты қоғамда салмақты әрі байыпты көзқарас қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар мұндай кездесулер қауіп-қатерлер туралы ғана емес, заманауи медицинаның мүмкіндіктері жөнінде де хабардарлықты арттыруға ықпал етеді. «Такеда Қазақстан» ЖШС Медициналық бөлімінің директоры Заринна Кожахметованың сөзінше, осындай форматтағы кездесулер мәселені ашық талқылаумен шектелмей, сирек аурулары бар пациенттердің өмір сүру ұзақтығы мен өмір сапасына ерте диагностика мен уақтылы медициналық араласудың тікелей әсер ететінін жүйелі түрде түсіндіруге мүмкіндік береді.

Паблик-ток ТҚАІ туралы — ұзақ уақыт көлеңкеде қалып қоятын, алайда ерекше назарды, терең білімді және жүйелі тәсілді талап ететін ауру жөнінде ашық әрі мазмұнды әңгіме алаңына айналды.

Ақпарат «Такеда» компаниясының қолдауымен тек ақпараттық мақсатта ұсынылды. Ауруды диагностикалау немесе емдеу мәселелері бойынша өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге жүгініңіз.

«Такеда Қазақстан» — бас кеңсесі Жапонияда орналасқан, адамдардың денсаулығын жақсартуға және бүкіл әлем үшін жарқын болашақ қалыптастыруға бағытталған Takeda жаһандық биофармацевтикалық компаниясының бөлімшесі. Компания пациенттердің өмір сапасын арттыратын дәрілік препараттарды әзірлейді және негізгі терапевтік әрі бизнес бағыттары бойынша терапияға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Аталған бағыттарға гастроэнтерология және қабыну аурулары, сирек кездесетін аурулар, қан плазмасына негізделген терапия, онкология, неврология және вакциналар кіреді. Құндылықтарға негізделген және инновацияға ұмтылған жетекші биофармацевтикалық компания ретінде Takeda пациенттерге, қызметкерлерге және тұтастай планетаға қамқорлық жасауды өз міндетіне айналдырған. Әлемнің 80 елi мен аймағындағы қызметкерлер компанияның екі ғасырдан астам уақыт бойы қалыптасқан миссиясы мен құндылықтарын басшылыққа алады.

Қазақстанда компания 2013 жылдан бері жұмыс істейді. Компания портфелінде 20-дан астам препарат бар, оның ішінде 10 инновациялық әрі өмірлік маңызды өнім бар. «Такеда Қазақстан» пациенттердің өмір сапасын жақсартуға және терапияның қолжетімділігін арттыруға бағытталған инновациялық шешімдерді дамытуға жүйелі түрде инвестиция салып келеді.


Обнаружили ошибку или мёртвую ссылку?

Выделите проблемный фрагмент мышкой и нажмите CTRL+ENTER.

В появившемся окне опишите проблему и отправьте уведомление Администрации ресурса.

Другие новости

wave
thumb
thumb
thumb
thumb
thumb
thumb

Комментарии (0)

wave

Оставить комментарий

wave