Tiger Films кинокомпаниясы жаңа шыққан «Байдың баласы» фильмі рекордтық табыс тапқанын хабарлады. Шілдеде өткен премьерадан бастап тамыз айының соңына дейін фильм отандық көрсетілімде 800 млн астам теңге жинады, ал өндіріс бюджеті небәрі 100 млн теңге болған екен.
Қазақстандағы Canon компаниясы жобаның техникалық серіктесі атанып, түсіру тобын екі кәсіби Canon EOS C 400 кинокамерасымен және жеті кинообъектив жинағымен қамтамасыз етті. Canon жас және тәжірибелі режиссерлерге, операторлар мен продакшн ұжымдарына техникалық шешімдер мен сарапшылық көмек көрсете отырып, қазақстандық киноөндірісті дамытуға тұрақты қолдау көрсетіп келеді. Tiger Films-пен ынтымақтастық ірі технологиялық брендтердің жергілікті деңгейде шығармашылық жобаларға нақты қолдау көрсете алатынының жарқын мысалы болды.
«Біз отандық кинематографты қолдауға және жергілікті жобаларды дамытуға көмектесуге қуаныштымыз», — деді Нұрхан Айнақұлов, Қазақстандағы Canon компаниясының B2C серіктестерімен жұмыс істеу менеджері. — Tiger Films-пен ынтымақтастық заманауи Canon технологияларының тиімділігін дәлелдеді. Біз талантты қазақстандық режиссерлерге өз идеяларын жүзеге асыруға әрі қарай да көмектесуді жоспарлап отырмыз».
«Байдың баласы» отбасылық фильмі кең аудиторияға арналған, әлеуметтік жағдайына, шыққан тегіне қарамастан теңдік пен адами құндылықтар мәселесін көтереді.
«Фильм әрбір көрерменге — балаларға, ересектерге, студенттерге, әртүрлі әлеуметтік топтардың өкілдеріне жақын және түсінікті болды. Дәл осы себепті халықтың ыстық ықыласына бөленді. Біз жай ғана ойын-сауық бағытында ғана емес, шын мәнінде мазмұнды және кең аудиторияны тебірентетін контент жасауды көздеп отырмыз. Біздің жоспарларымызға отандық кинематографтың орнын нығайтып, оның дамуының жаңа қырларын көрсете алатын қызықты фильмдерді шығару кіреді», — деді фильм продюсері Ерлан Бұхарбаев.
Фильм 17 күн ішінде әртүрлі жерде және әртүрлі уақытта түсірілді. Фильмнің басты кейіпкерлері балалар болғандықтан, ойын сахналанған көріністер көп болды. Балалар кинематографының дамуына қосқан үлесі үшін барлық актер балалар Қазақстан Республикасы Мәдениет министрі Аида Балаеваның алғыс грамоталарымен марапатталды.
Жақында Tiger Films фильмнің жаңа жылдық атмосферада жалғасын табатын жалғасын түсіруді бастайды. Кинокомпания жыл сайын 15-20 фильм шығарып, Ақан Сатаев пен Әділхан Ержанов сынды танымал режиссерлермен ынтымақтаса отырып, саладағы жетекші ойыншылардың бірі болып қала береді.
Фильм түсірілімі Canon EOS C400 мүмкіндіктерін паш етті. Камера күндізгі жарқын көріністерден бастап, жарық аз түнгі түсірілімдерге дейін әртүрлі жағдайларда өзн жақсы көрсетіп, кәсіби саланың талаптарына сай кескінмен қамтамасыз етті.
«Түсірілім кезінде біз кәсіби жарықты көп қолдандық, сол жерде Canon өзін керемет көрсетті. Оның артықшылығы — ыңғайлы құрылымы, кіріктірілген сүзгісі, 16 қадамдық динамикалық диапазоны, соның арқасында орасан зор мүмкіндіктер береді. Әсіресе түнгі көріністерде, жарық аз жерде камера өзін жақсы көрсетті. C400 камерасы кинообъектив, зум, қосымша жабдық орнатуға мүмкіндік береді, сол себепті нәтиже өте жақсы болып шықты. Постпродакшенде материалды салыстырғанда колорист Canon берген кескіннің жұмсақ, көзге жағымды екенін атап өтті. Бұл фильмде де байқалады: кескін икемді, жанды түстерімен, динамикасымен ерекшеленеді», — деп атап өтті фильмнің қоюшы режиссері Нұрайбек Жәнібеков.
Фильмнің цифрлық премьерасы 2025 жылдың 1 қыркүйегінде Кинопоиск платформасында өтеді. Фильмді орыс, қазақ және өзбек тілдерінде көруге болады. Кинопоиск сонымен қатар фильмді басқа цифрлық платформаларда тарату құқығына ие.