Acer халықаралық технологиялық компаниясы құрылғанына 50 жыл толғанын атап өтуде. Осы уақыт ішінде компания Тайваньдағы шағын технологиялық бизнестен тұтынушыларға, бизнес пен білім беру секторына арналған шешімдерді дамытатын халықаралық топқа дейінгі жолды жүріп өтті.
Acer 1976 жылы 1 тамызда Multitech деген атпен құрылды. Бастапқы кезде компания микропроцессорлық технологиялар базасындағы шешімдерді әзірлеумен және ілгерілетумен айналысты. 1987 жылы ол Acer деген атқа ие болды, ал 1990 жылы өзінің алғашқы ноутбугын ұсынды. Келесі жылдары компания халықаралық ұсынылуын кеңейтіп, ойын және кәсіби бағыттарды дамытты әрі технологиялық шешімдерді әзірлеу мен ілгерілетуге баса назар аудара отырып, бизнес-моделін өзгертті.

Бүгінде Acer Group 160-тан астам елде жұмыс істейді. Оның бизнесі компьютерлік техниканың, мониторлардың, ойын құрылғыларының, цифрлық сервистер мен басқа да технологиялық бағыттардың сегменттерін қамтиды.
Жасанды интеллект — негізгі даму векторларының бірі
Соңғы жылдары Acer ЖИ-ді компьютерлік құрылғыларға интеграциялап және басқа салалар үшін шешімдерді жасай отырып, жасанды интеллект бағытын белсенді түрде дамытып жатыр. 2024 жылы компания тұтынушылық және корпоративтік нарықтар үшін AI PC бағытын кеңейтіп, Copilot+ PC санатындағы ноутбукты — Swift 14 AI-ды ұсынды.
Жекелеген бағыт — медициналық технологиялар. Acer Medical еншілес компаниясы жасанды интеллектіні қолдана отырып, медициналық визуалдауға маманданған. Оның портфелінде диабеттік ретинопатияны анықтауға арналған VeriSee DR, жас ерекшелігіне байланысты макулярлық дегенерацияны анықтауға арналған VeriSee AMD және остеопорозды анықтауға арналған VeriOsteo OP диагностикалық шешімдері бар. Компанияның мәліметінше, VeriSee DR жүйесі Азияның 322 клиникасы мен ауруханасында енгізілген.
Орнықты даму — ұзақ мерзімді стратегияның бір бөлігі
Экологиялық жауапкершілік Acer басымдықтарының бірі болып қала береді. 2021 жылы компания қоршаған ортаға әсер етуді азайтуға бағытталған Earthion бастамасын іске қосып, Vero экологиялық құрылғыларының желісін кеңейтті. Бұл өнімдерді өндірген кезде қайта өңделген пластик, биоматериалдар және басқа да баламалы материалдар пайдаланылады.

Сонымен қатар, Acer компьютерлер мен мониторлардағы қайта өңделген пластиктің (PCR) үлесін 2025 жылға қарай 20 – 30 %-ға дейін жеткізу міндеттемесін өзіне алды. Компанияның мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 21 %-ды құрады. Бұдан басқа, компания 2035 жылға қарай 100 % жаңартылатын электр энергиясына көшуді және 2050 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларының нөлдік деңгейіне жетуді жоспарлап отыр.
Acer-дің Қазақстанда дамуы
Қазақстан Acer Орталық Азияда ұсынылған нарықтардың бірі болып қала береді. Компания бұл жерде серіктестік желіні дамытып, корпоративтік және мемлекеттік секторлардың өкілдерімен, сондай-ақ білім беру мекемелерімен ынтымақтастық жасайды.
2023 жылы Acer қазақстандық әріптесі XFinity Solutions компаниясымен бірлесе отырып, Алматыда компьютерлік техниканы жергілікті жерде құрастыруды іске қосты. Өндірістік алаңда TravelMate ноутбуктары, Veriton моноблоктары мен жүйелік блоктары шығарылады. Өндірістің мәлімделген қуаты жылына 100 000 құрылғыға дейін құрайды.
Білім беру жобаларының арасында — Назарбаев Зияткерлік мектептері үшін техниканы жеткізу және Қазақстанда жаңа заманауи мектептер салуды көздейтін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде оқу орындарын жарақтандыруға қатысу.

Григорий Низовский, Acer вице-президенті:
«50 жыл ішінде технологиялық индустрия едәуір өзгерді және осы уақыт ішінде Acer индустриямен бірге дамыды. Микропроцессорлық технологиялар базасындағы алғашқы шешімдерден біз бүгінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланатын құрылғылар мен цифрлық шешімдерге келдік. Бірақ технологиялық өзгерістерге қарамастан, біз үшін бір нәрсе — адамдардың, бизнес пен қоғамның шынайы қажеттіліктеріне сай келетін өнімдерді жасау маңызды болып қала бермек.
Біз мерейтойды қорытынды жасау мүмкіндігі ретінде ғана емес, сонымен қатар, одан әрі даму үшін бастапқы нүкте ретінде де қарастырамыз. Алдымызда жасанды интеллектіге, құрылғылардың өнімділігі мен орнықты технологияларға байланысты жаңа міндеттер тұр. Біз инновацияларға инвестиция салуды жалғастырып, ұзақ мерзімді ынтымақтастық жасау үшін әлеуеті бар нарықтарда, оның ішінде Қазақстанда ұсынылуымызды нығайтуға ниеттіміз».

50 жылдығын атап өте отырып, Acer одан әрі технологиялық дамуға, бизнесті кеңейтуге және адамдар мен технологиялар арасындағы кедергілерді еңсеруге көмектесетін шешімдерді жасауға деген бағытын растайды.
Acer туралы
Acer — 1976 жылы құрылған халықаралық технологиялық компания. Компания компьютерлерді, мониторларды, ойын құрылғылары мен цифрлық шешімдерді әзірлеп, өндіреді. Acer Group әлемнің 160-тан астам елінде ұсынылған.









