Ағылшын мектебінің оқушысы алматылық Томирис Касимова IELTS емтиханынан 9.0 Overall Band Score жинап, ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Бұл CEFR жүйесі бойынша C2 деңгейіне сай. Томирис емтиханның Listening, Reading және Speaking бөлімдерінен 9.0 балл, ал Writing бөлімінен 8.0 балл жинаған. Айта кетейік, IELTS – ағылшын тілін меңгеру деңгейін халықаралық деңгейде бағалайтын кең танылған емтихан.
23 жасар Томирис Tilu мектебінің оқушысы. Бұл Қазақстандағы онлайн ағылшын тілі мектебі. Компания студенттерге заманауи әдістер арқылы шет тілін меңгеруге көмектесіп, жаһандық мүмкіндіктерге жол ашуды көздейді. Tilu-дың жеке білім беру платформасы бар. Оқушылар сабақта алған білімін платформадағы материалдар мен тапсырмалар арқылы бекітіп, оқу процесін сабақтан тыс уақытта да жалғастыра алады. 4 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан Tilu мектебі күні бүгінге дейін 21 000 студент оқытты. Қазір компания қарқынды дамып келеді. 13 қыркүйекте компания алғаш рет қазақ және ағылшын тілдеріне арналған фестиваль – Tilu Fest-ін өткізді. Алматы қаласында өткен іс-шара 53 000 қонақ жинады.
Tilu мектебі үшін Томирис Касимованың жетістігі оқушының жеке нәтижесімен қатар, сапалы ағылшын тілін оқытуға бағытталған жұмыстың маңызды көрсеткіші.
Ағылшын тілін үйретумен қатар, Tilu мектебі оқушыларына халықаралық деңгейге шығуға мүмкіндік жасауға ұмтылады. Мектептің білім беру философиясы тілдік дағдыларды дамытумен ғана шектелмей, оқушыларға жаңа тәжірибе жинақтап, жаһандық мүмкіндіктерді ашуға жол көрсетуге негізделген.
Осы бастама аясында биыл күзде Tilu мектебі екі оқушысына Америка Құрама Штаттарына саяхат жасауға тегін жолдама сыйлайды. Бұл жоба оқушылардың білім алуға деген ынтасын арттырып қана қоймай, ағылшын тілін меңгеру халықаралық мүмкіндіктерге жол ашатын құрал екенін көрсетуге мүмкіндік береді.








