Көлік және курьерлік қызметтердің inDrive жаһандық платформасы төрт аптаға созылған «Дайындау vs. Жеткізу» атты реалити-жобасының қорытындысын жариялады. Жоба аясында Алматы тұрғындары үйде тамақ дайындауға кететін уақыт пен шығынды дайын тағамдарға тапсырыс беру арқылы тамақтанумен салыстырды. Жобаның мақсаты – уақыт пен қаражат тұрғысынан қайсысы тиімдірек екенін анықтау: өз бетінше ас әзірлеу ме, әлде дайын тағамға тапсырыс беру ме. Эксперимент нәтижелері күтпеген қорытындыларға алып келіп, үйде тамақ дайындауға қатысты қалыптасқан бірқатар түсініктерді қайта қарауға негіз болды.
Жобаның мәні
«Дайындау vs. Жеткізу» жобасы мамыр айының ортасында басталды. inDrive.Азық-түлік сервисінің командасы әртүрлі өмір салтын ұстанатын жеті қатысушыны іріктеп алды. Олардың қатарында студенттер, кеңсе қызметкерлері, жас ата-аналар, кәсіпкерлер мен фрилансерлер болды. Эксперименттің алғашқы аптасында қатысушылар әдеттегі өмір салтын сақтап, азық-түлікті өздері сатып алып, тамақ дайындап, күнделікті уақыт пен шығындарын тіркеп отырды. Екінші аптада олар тек «Рядом by inDrive» ұсынған дайын тағамдармен — таңғы, түскі және кешкі аспен тамақтанды. Жобаның мақсаты – үйде тамақ дайындауға нақты қанша уақыт пен қаржы жұмсалатынын есептеу болды.
Сандар не дейді?
Бір аптаның ішінде қатысушылар ас әзірлеуге жалпы алғанда шамамен 77 сағат жұмсаған. Бұл толық үш тәуліктен астам уақыт. Орта есеппен алғанда, әрбір қатысушы бір реттік ас дайындауға 36 минут, ал күніне 1,5 сағаттан астам уақытын ас үйде өткізген.
Қаржылық тұрғыдан алғанда, бір қатысушының апталық азық-түлік шығыны орта есеппен 31 мың теңгеден асты. Бір реттік тамақтану құны шамамен 1696 теңгені құрады.
Сонымен қатар шығындардың айырмашылығы қатысушылардың әлеуметтік профиліне тікелей байланысты болды. Мәселен, жобаға қатысқан PR-маман Ұлпан мен HR-маман Нұрғиса аптасына 43 мың теңгеден астам қаражат жұмсаған. Бұған олардың бірнеше күн бойы үйден тыс жерде түскі ас ішуі әсер еткен. Ал төрт баланың анасы Сұлушаш бүкіл отбасыға алдын ала көп мөлшерде тағам дайындау арқылы апталық шығынын 12 700 теңге көлемінде ұстай алған.
Қатысушылар бұған дейін мән бермеген жасырын шығындарды да анықтады. Олардың қатарында дүкендегі кездейсоқ сатып алулар, жеңіл тіскебасарлар мен азық-түліктің артылып қалуы.
Қатысушылардың айтуынша, ең қиын бөлігі тамақ дайындаудың өзі емес, оның айналасындағы қосымша когнитивтік жүктеме: не пісіру керектігін шешу, не сатып алу керектігін есте сақтау, етті кешкісін мұздатқыштан шығарып қою, қалған тамақты қалай кәдеге жаратуды ойластыру. Қатысушылардың пікірінше, мұндай «көрінбейтін жұмыс» күні бойы күш-қуатты сарқып, ас әзірлеуге кіріспей тұрып-ақ шаршатады.
Жеткізу аптасы: күнделікті өмір қалай өзгереді?
Дайын тағамдарға көшкен кезде жағдай түбегейлі өзгерді. Қатысушылар бос уақыттың пайда болғанын бірауыздан қолдап, оны нақты не нәрсеге жұмсағандарын айтып берді.
Өзгерістер күн тәртібіне ғана емес, отбасылық атмосфераға да әсер еткен. Бірнеше қатысушы өздерінің ашуланшақтық деңгейі төмендеп, балалары мен жақындарына көбірек уақыт бөле бастағанын айтты.
Балжан бұл сезімді дәл сипаттайтын теңеу келтірді:
Қорытынды: тамақтану – уақыттың көрінбейтін шығындарының бірі
Эксперимент қорытындысы бойынша қатысушылар әртүрлі өмірлік жағдайларда болғанына қарамастан ұқсас тұжырымдарға келді. Отбасылы адамдар мен жұмыс істейтін ата-аналар үшін дайын тағам жеткізу қызметі ең алдымен уақыт пен эмоционалдық ресурс тұрғысынан тиімді болды. Жалғыз тұратын қатысушылар үшін – тамақтану рационын әртараптандырып, тамақтану тәртібін сақтауға көмектесті. Ал студенттер оқу мен хоббиге қосымша сағаттар босатты.
Өмір салтының әртүрлілігіне қарамастан, қатысушылардың басым бөлігі бұған дейін тамақ әзірлеуді күнделікті жеке міндет ретінде қабылдамағандарын айтты. Эксперименттен кейін олардың көпшілігі дайын тағамдарға аптасына кем дегенде бірнеше рет тапсырыс беруді жалғастыруды жоспарлап отыр.
inDrive туралы
inDrive – көлік және жеткізу қызметтеррінің жаһандық платформасы. inDrive қосымшасы 400 миллионнан астам рет жүктелген және үшінші жыл қатарынан әлемдегі ең көп жүктелген қосымшалардың ішінде екінші орында тұр. Қалалық сапардан басқа, inDrive қалааралық тасымалдау, жеткізу және қаржылық қызметтерді қамтитын қызметтер тізімін кеңейтіп келеді. 2023 жылы inDrive венчурлық және M&A бөлімшесі – New Ventures-ті іске қосты.
inDrive 48 елдің 110-тен астам қаласында жұмыс істейді. Әділетсіздікпен күресу миссиясын ұстана отырып, компания 2030 жылға қарай бір миллиард адамның өміріне оң әсер етуге ұмтылады. Ол бұл мақсатқа жергілікті қоғамдастықтарды әділ баға қою моделі арқылы қолдайтын негізгі қызметі, сондай-ақ әлеуметтік бағдарламалар жұмысы арқылы жетуді көздейді.
Қосымша ақпарат: www.inDrive.com


Жеткізу аптасы: күнделікті өмір қалай өзгереді?





