Visa зерттеуі: қазақстандықтардың 72%-ы сатып алу кезінде жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдаланады, алайда төлем жасау кезінде сенім негізгі фактор болып қала береді

Интервью с Еленой Ковардаковой. Про космос. Кино. СССР.
  • Қазақстандағы тұтынушылардың 72%-ы сатып алу кезінде жасанды интеллектіні пайдаланып көрген, ал 93%-ы ЖИ негізіндегі құралдар онлайн-шопингті жылдамырақ әрі ыңғайлырақ етеді деп есептейді.
  • Қазақстандықтардың 72%-ы болашақта жасанды интеллект пайдаланушыларды алаяқтықтан қорғауда маңызды рөл атқарады деп санайды. Алайда бүгінде олардың тек 14%-ы ғана төлем рәсімдеуді ЖИ көмекшілеріне сеніп тапсыруға дайын.
  • Тұтынушылардың 48%-ы әлеуметтік желілер арқылы тікелей сатып алу тәжірибесіне ие. Сонымен қатар алаяқтыққа тап болған пайдаланушылардың 32%-ы мұндай жағдайдың дәл әлеуметтік желілерде орын алғанын атап өткен.
  • Респонденттердің 71%-ы балалардың алаяқтық схемаларды тани алмайтынына алаңдайды.
  • Онлайн-сатып алу кезінде алаяқтықтан қорғану жауапкершілігі ең алдымен тұтынушылардың өздеріне жүктелуі тиіс деп небәрі 7% ғана есептейді. Сонымен бірге 56%-ы күмәнді белсенділік туралы хабарламалар онлайн төлем жасау кезінде өздерін сенімдірек сезінуге көмектесетінін айтқан.

Алматы, 2026 жылғы 15 маусым  – Цифрлық төлемдер индустриясының әлемдік көшбасшысы Visa компаниясы Қазақстандағы тұтынушылардың цифрлық сауда мен алаяқтық туралы хабардарлығы, сондай-ақ олардың онлайн ортадағы мінез-құлқы жөніндегі жыл сайынғы Stay Secure зерттеуінің нәтижелерін ұсынды. Wakefield Research компаниясы жүргізген биылғы зерттеу жасанды интеллект құралдары мен әлеуметтік коммерцияның тұтынушылық әдеттерді қалай өзгертіп жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар, тұтынушылардың сенім мен қауіпсіздікке қатысты талаптары бұрынғыдай жоғары деңгейде қалып отыр.

Тұтынушылар онлайн-сатып алу кезінде жасанды интеллектіні белсенді қолдануда

Тұтынушылар онлайн-сатып алу процесіне жасанды интеллектіні белсенді енгізуде. Қазақстан тұрғындарының 72%-ы онлайн-шопинг кезінде көмек алу үшін жасанды интеллект құралдарын қолданып көрген. Олар негізінен бағаларды салыстыру (49%), сыйлық іздеу (49%), сондай-ақ тауарлар туралы пікірлер мен рейтингтерді тексеру (42%) мақсатында пайдаланылады.

Оның себептері түсінікті: респонденттердің 93%-ы жасанды интеллект негізіндегі құралдарды қоса алғанда, жаңа технологиялар онлайн-сатып алуды жылдамырақ әрі ыңғайлырақ етеді деп есептейді. Сонымен қатар жасанды интеллект тұтынушылардың жаңа тауарлар мен брендтерді іздеу тәсіліне де ықпал ете бастады. Сонымен қатар, ЖИ тұтынушылардың жаңа өнімдер мен брендтерді табу тәсіліне әсер ете бастады: Қазақстандағы пайдаланушылардың 27%-ы онлайн-сатып алу барысында жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын қолданады. 

Алайда жасанды интеллектінің төлем операцияларын өз бетінше жүзеге асыруына қатысты тұтынушылар әлі де сақтық танытады. Бүгінде олардың тек 14%-ы ғана төлем жасау процесін толық аяқтауды ЖИ көмекшілеріне сеніп тапсыруға дайын. Бұл агенттік жасанды интеллект пен автоматтандырылған коммерция дәуірінде сенімнің маңызы зор екенін көрсетеді.

Жасанды интеллектінің қолданысы кеңейген сайын тұтынушылар оны алаяқтықтан қорғанудың тиімді құралы ретінде де қабылдай бастады. Респонденттердің 66%-ы ЖИ бүгінде алаяқтық схемаларды анықтауға көмектеседі деп санайды, ал 72%-ы болашақта бұл технология пайдаланушыларды алаяқтық тәуекелдерден қорғауда шешуші рөл атқаратынына сенімді.

Әлеуметтік коммерцияның өсуі жаңа мүмкіндіктермен қатар алаяқтық тәуекелдерін де арттыруда

Әлеуметтік желілер арқылы сауда жасау тұтынушылық тәжірибенің қалыпты бөлігіне айналды: Қазақстандағы пайдаланушылардың 48%-ы тауарларды әлеуметтік платформалар арқылы тікелей сатып алып көрген.

Цифрлық коммерцияның қарқынды дамуына қарамастан, алаяқтық тәуекелдері әлі де онлайн ортадағы тұтынушылық тәжірибенің бір бөлігі болып қалып отыр. Респонденттердің 25%-ы соңғы 12 ай ішінде қаржылық алаяқтыққа тап болғанынайтқан. Олардың 32%-ы мұндай оқиғаның әлеуметтік желілерде орын алғанын хабарлаған. Бұл көрсеткіш онлайн-сатып алуға арналған сайттар мен қосымшалардағы жағдайлармен салыстырғанда жоғары.

Балалар ойын платформаларында және онлайн-сатып алу кезінде алаяқтық тәуекелдеріне жиі ұшырауда.

Зерттеу нәтижелері балалардың интернеттегі алаяқтық әрекеттермен бетпе-бет келуіне қатысты алаңдаушылықтың артып келе жатқанын көрсетті. Респонденттердің 71%-ы өз ортасындағы балалардың алаяқтық схемаларды тануда қиындықтарға тап болатынымен келіскен.

Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқандардың 50%-ы өз ортасындағы баланың интернеттегі ойындар немесе онлайн сатып алу кезінде алаяқтықтың құрбаны болғанын хабарлады. Ал 23%-ы мұндай жағдайлардың ойын платформаларындағы хабарламалар немесе чаттар арқылы орын алғанын атап өтті.

Бұл алаңдаушылық балалардың цифрлық қаржы құралдарына қолжетімділігінің артуы аясында күшейе түсуде. Қазақстандағы ата-аналардың 20%-ы балаларының мобильді төлем қосымшаларын немесе цифрлық әмияндарды пайдалануға мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді.

Тұтынушылар алаяқтықтан қорғау жауапкершілігін ең алдымен ұйымдарға жүктейді

Онлайн сатып алу кезінде алаяқтықтан қорғану мәселесіне келгенде, тұтынушылар ең алдымен өздеріне емес, түрлі ұйымдарға сенім артады. Респонденттердің 33%-ның пікірінше, тұтынушыларды қорғаудағы негізгі жауапкершілік онлайн-маркетплейстерге жүктелуі тиіс. Одан кейін интернетте тауарларды жарнамалайтын немесе сататын контент жасаушылар (32%), сондай-ақ банктер мен қаржы ұйымдары (31%) аталды. Ал сауалнамаға қатысқандардың небәрі 7%-ы ғана негізгі жауапкершілік пайдаланушылардың өздеріне тиесілі деп есептейді.

Сонымен қатар, тұтынушылар қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында неғұрлым белсенді шаралардың қабылдануын күтеді. Респонденттердің 56%-ы банк немесе төлем қосымшасынан күмәнді әрекеттер туралы нақты уақыт режимінде хабарлама алып отырса, өздерін анағұрлым сенімді сезінетінін айтты. Ал 35%-ы төлем жасау кезінде жеке басын қосымша растау қажеттілігі қауіпсіздік деңгейін арттырады деп санайды.

«Visa Stay Secure зерттеуі онлайн-сауда мен әлеуметтік коммерцияның қарқынды дамуына қарай алаяқтық тәсілдерінің де күрделене түсіп жатқанын көрсетеді. Тұтынушылар алаяқтықтан қорғануды ортақ жауапкершілік деп қабылдағанымен, бұл бағыттағы негізгі рөлді қаржы ұйымдары, мемлекеттік құрылымдар және төлем қызметтерін жеткізушілер атқаруы тиіс деп санайды. Бұл қауіпсіздік бастапқы кезеңнен-ақ ескерілген төлем жүйелерін қалыптастырудың қаншалықты маңызды екенін айқындайды», – деді Қазақстан және Орталық Азия бойынша Visa компаниясының вице-президенті әрі өңірлік менеджері Санжар Сүлейманов.

«Коммерция барған сайын жасанды интеллект негізіндегі интеллектуалды модельдерге көшіп жатқан кезеңде, зерттеу нәтижелері тұтынушылардың сатып алу үдерісінде жасанды интеллект ұсынатын ыңғайлылықты жоғары бағалайтынын көрсетеді. Алайда олар жасанды интеллектінің өз атынан сатып алуды толықтай дербес жүзеге асыруына әлі де сақтықпен қарайды. Visa Intelligent Commerce шешімі арқылы біз сенімге, пайдаланушының бақылауына және олардың қабылдаған шешімдеріне деген сенімділікке негізделген коммерцияның жаңа дәуірін қалыптастыруға үлес қосып келеміз», – деп қосты ол.

Жаңа коммерция дәуірінде сенімнің қалай қалыптасатыны туралы толығырақ Visa Stay Secure 2026 Kazakhstan толық есебінен оқи аласыз: сілтеме.

Stay Secure 2026 зерттеуі туралы

Stay Secure зерттеуі Visa компаниясының бастамасымен жүргізіліп, оны Wakefield Research компаниясы 2026 жылғы қаңтар–ақпан айлары аралығында жүзеге асырды. Сауалнамаға CEMEA өңіріндегі 17 елден: Бахрейн, Кот-д’Ивуар, Египет, Иордания, Қазақстан, Кения, Кувейт, Марокко, Нигерия, Оман, Пәкістан, Катар, Сауд Арабиясы, Сербия, Оңтүстік Африка, Украина және Біріккен Араб Әмірліктерінен 18 жастан асқан 5 800 респондент қатысты.

Ескертпелер

  • Зерттеу нәтижелері сауалнама жүргізілген сәттегі тұтынушылардың көзқарасын көрсетеді және болашақтағы мінез-құлық немесе нәтижелерді болжау болып табылмайды.
  • Көрсеткіштер елге, демографиялық топқа және нарықтық жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін.
  • Зерттеу қорытындылары тұтынушылардың бақылаулары мен қабылдауына негізделген және балалардың қауіпсіздігі немесе интернеттегі мінез-құлық бойынша кәсіби ұсыным ретінде қарастырылмауы тиіс.
  • Жасанды интеллектке қатысты барлық сілтемелер тек көмекші технологиялар мен аналитикалық құралдарға қатысты. ЖИ адам шешімін алмастырмайды және заңдық, қаржылық, комплаенс немесе өзге де кәсіби кеңес болып табылмайды.

Обнаружили ошибку или мёртвую ссылку?

Выделите проблемный фрагмент мышкой и нажмите CTRL+ENTER.

В появившемся окне опишите проблему и отправьте уведомление Администрации ресурса.

Другие новости

wave
thumb
thumb
thumb
thumb
thumb
thumb

Комментарии (0)

wave

Оставить комментарий

wave