Microsoft Work Trend Index 2026: ИИ енгізудің тиімділігі компаниялардың жұмыс тәсілін қалай өзгертетініне байланысты

Microsoft Work Trend Index 2026: ИИ енгізудің тиімділігі компаниялардың жұмыс тәсілін қалай өзгертетініне байланысты

21 мамыр 2026 жылғы  Microsoft компаниясы Work Trend Index 2026 зерттеуін жариялады. Бұл жасанды интеллект пен ИИ-агенттердің жұмыстың орындалу тәртібін қалай өзгертіп жатқанын көрсететін кешенді зерттеу. Зерттеу аясында Microsoft 365 өнімділік сигналдарының триллиондаған анонимдендірілген деректері талданып, 10 елдегі 20 000 ИИ пайдаланушысына сауалнама жүргізілді. Сонымен қатар, жасанды интеллект, еңбекті ұйымдастыру және ұйымдық психология салаларындағы жетекші сарапшылардың пікірлері ескерілді. Зерттеудің негізгі қорытындысы: ұйымдардағы ИИ-ді қолданудың тиімділігіне корпоративтік мәдениет пен көшбасшылық қызметкерлердің жеке күш-жігеріне қарағанда екі есе көбірек әсер етеді.

«Жасанды интеллектке қолжетімділік жаппай сипат алып келеді, және біз қазірдің өзінде адамдардың бір жыл бұрын мүмкін емес болып көрінген міндеттерді орындай алатынын көріп отырмыз. ИИ-агенттер орындауға байланысты міндеттердің басым бөлігін өз мойнына алған сайын, қызметкерлерде процестерді басқаруға, шешім қабылдауға және нәтижеге қол жеткізуге көбірек мүмкіндік пайда болады. Алайда шешуші рөлді ұйымның дайындық деңгейі атқарады. Корпоративтік мәдениет, көшбасшылық және жұмыс құрылымы ИИ-ді қолданудың тиімділігіне қызметкерлердің жеке күш-жігеріне қарағанда екі есе көбірек ықпал етеді. Қазақстанда және әлемнің басқа елдерінде адамдар мен ИИ арасындағы өзара әрекеттестікті саналы түрде қалыптастырып, оны уақыт өте келе бүкіл ұйымның тиімділігін арттыратын жүйеге айналдыра алған ұйымдар көш бастап келеді», — деді Microsoft компаниясының Румыния, Молдова және Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Габриэла Попеску.

Work Trend Index 2026 зерттеуінің негізгі қорытындылары

  1. ИИ қызметкерлердің жеке мүмкіндіктерін кеңейтеді

Microsoft 365 Copilot жүйесіндегі 100 000-нан астам диалогқа жүргізілген құпиялылық талаптарына сай талдау барлық өзара әрекеттесулердің 49%-ы интеллектуалдық жұмысты қолдайтынын көрсетті. Олар ақпаратты талдауға, мәселелерді шешуге, деректерді бағалауға және шығармашылық тұрғыдан ойлауға көмектеседі. Бұл өзгерістер нәтижелерден де көрініс табуда: ИИ пайдаланушыларының 58%-ы бүгінде бір жыл бұрын орындай алмаған міндеттерді атқара алатынын айтты. ИИ-ді ең белсенді қолданатын Frontier Professionals тобы арасында бұл көрсеткіш 80%-ға жетеді. ИИ барған сайын көбірек міндеттерді өз мойнына алып жатқан жағдайда қандай адами дағдылар маңызды деген сұраққа респонденттер ИИ нәтижелерінің сапасын бақылауды (50%) және сыни ойлауды (46%) атады.

  1. Трансформация парадоксы: қызметкерлер дайын, ұйымдар дайын емес

Ұйымдардың ішінде жаңа қайшылық пайда болуда: ИИ-ді жылдам енгізу қажеттілігі ескі жұмыс үлгісіне бейімделген жүйелермен бетпе-бет келіп отыр. ИИ пайдаланушыларының 65%-ы тез бейімделе алмаса, артта қалып қоюдан қауіптенеді. Алайда 45%-ы ИИ көмегімен жұмысты қайта ұйымдастырудан гөрі, қазіргі мақсаттарды ұстану қауіпсіз деп санайды. Тек 13%-ы ғана компанияларда ИИ негізіндегі жұмыс процестерін қайта ойластыруға арналған эксперименттер үшін ынталандырылатынын айтты. Ал 26%-ы ғана ұйым басшылығында ИИ стратегиясына қатысты нақты әрі ортақ көзқарас бар деп есептейді. Осылайша, ИИ енгізуді жеделдететін факторлардың өзі оның толыққанды қолданылуын тежеп отыр.

  1. Әрбір ұйым — үнемі дамып отыратын жүйе

Зерттеу көрсеткендей, корпоративтік мәдениет, басшылардың қолдауы және қызметкерлердің әлеуетін дамыту тәсілдері сияқты ұйымдық факторлар қызметкерлердің ойлау қабілеті мен мінез-құлқы секілді жеке факторларға қарағанда ИИ енгізу кезінде екі есе жоғары әсер береді: 67%-ға қарсы 32%. ИИ-ді қолдануға дайын орта ИИ-ді стратегиялық артықшылық ретінде қабылдайтын және эксперименттерді қолдайтын мәдениетті талап етеді. Сонымен қатар, ИИ қолдануды өз үлгісімен көрсететін және оны ынталандыратын басшылар, сондай-ақ қажетті дағдыларды дамытып, оларды қолдануға жағдай жасайтын қызметкерлердің әлеуетін дамыту тәжірибелері қажет. Негізгі мәселе қызметкерлердің қажетті дағдыларға ие болуында емес, ұйымның сол әлеуетті аша алатындай құрылуында. Бүгіннен бастап жаңа операциялық модель қалыптастырып жатқан компаниялар мен ұйымдар бәсекелестеріне қарағанда жылдамырақ үйренетін, интеллектуалдық әлеуетін жинақтайтын және әр кезең сайын өз мүмкіндігін күшейтетін тұрақты құрылым қалыптастырады.

******

Frontier Firm: жаңа операциялық модель

Microsoft Frontier Firms деп эксперимент кезеңінен өтіп, ИИ-ді жүйелі түрде енгізуге көшкен ұйымдарды атайды. Мұндай ұйымдар адам мен ИИ арасындағы өзара әрекеттестіктің төрт жаңа моделіне негізделе отырып, жұмыс процестерін саналы түрде қайта құрады.

 

Зерттеу туралы

Work Trend Index 2026 Microsoft 365 жүйесіндегі триллиондаған жинақталған және анонимдендірілген сұраулар мен сигналдарды талдауға, сондай-ақ 2026 жылдың ақпан-сәуір айлары аралығында 10 елде жүргізілген 20 000 ИИ пайдаланушысының жаһандық сауалнамасына негізделген.

 

Толығырақ ақпарат — Work Trend Index 2026 есебінде.
 Microsoft өнімдеріндегі соңғы инновациялар туралы — Microsoft 365 блогында.

 


Обнаружили ошибку или мёртвую ссылку?

Выделите проблемный фрагмент мышкой и нажмите CTRL+ENTER.

В появившемся окне опишите проблему и отправьте уведомление Администрации ресурса.

Другие новости

wave
thumb
thumb
thumb
thumb
thumb
thumb

Комментарии (0)

wave

Оставить комментарий

wave