Ходжкин лимфомасы: жеңуге болатын ауру

Интервью с Еленой Ковардаковой. Про космос. Кино. СССР.

15 қыркүйек бүкіл әлемде Халықаралық лимфомамен күрес күні ретінде атап өтіледі. Бұл күн лимфа жүйесінің ауруларына, олардың ерте диагностикасына және заманауи емдеу әдістеріне көпшіліктің назарын аударуға арналған. 

Ходжкин лимфомасы — лимфоманың ең көп таралған түрлерінің бірі, лимфа түйіндерінде өзгеріске түскен жасушалар бейберекет көбейе бастайтын қатерлі қан ауруы. Таяуда ғана лимфома өліммен аяқталады деп саналатын еді, бірақ бүгінгі күні медицина орасан зор прогреске қол жеткізді: уақытылы диагноз қойылған жағдайда науқастардың 80% тұрақты ремиссияға қол жеткізеді немесе толық сауығып кетеді.

Аурудың алғашқы белгілері көбінесе жиі кездесетін аурулар — лимфа түйіндерінің ұлғаюы, түнгі тершеңдік, себепсіз салмақ жоғалту, ұдайы әлсіздік кейпінде көрінеді. Науқастар ағзаның осындай белгілеріне назар аудармауы мүмкін, сондықтан мұнда жалпы тәжірибелік дәрігерлер басты рөл атқарады.

«Бірінші буын дәрігері науқасты бірінші болып көреді және лимфома бар-жоғын байқай аладыЖалпы тәжірибелік дәрігердің мұқияттылығы мен сақтығы онкологқа жолдау жылдамдығының, демек, емдеу сәттілігінің кепілі»,  дейді Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының Гематология және сүйек кемігін трансплантациялау орталығының жетекшісі Ғаббасова Сәуле Телембайқызы. — «Ультрадыбыстық зерттеу, компьютерлік диагностика сияқты заманауи диагностика әдістерінің қолжетімділігі оң үлес қосып жатыр. Бұл, әрине, үлкен қалаларда көбірек байқалады. Бүгінгі таңда бізде емдеудің тиімділігін айтарлықтай арттыруға, ауруды жеңуге көмектесе алатын заманауи емдік тәсілдер бар. Оларға науқастардың көпшілігіне толыққанды өмірге  отбасыларына, жұмыстарына, армандарына — оралуға мүмкіндік беретін заманауи тиімді препараттарды қолдану, сүйек кемігін трансплантациялау мүмкіндіктерін кеңейту және деңгейін арттыру жатады». 

Классикалық Ходжкин лимфомасы көбінесе 25–35 жас аралығындағы жастарда, сондай-ақ 50 жастан асқан науқастарда кездеседі. Ем аурудың сатысына және жалпы денсаулық жағдайына қарай жеке таңдалады және мамандандырылған онкогематологиялық орталықтарда жүзеге асырылады.

Нені есте сақтау маңызды:

  1. Лимфоманы, әсіресе ерте анықталса, емдеуге болады;
  2. Денсаулыққа көңіл бөлу және тұрақты тексеруден өтіп тұру алаңдататын симптомдарды уақытында байқауға көмектеседі,
  3. Егер лимфомаға күдік болса, жалпы тәжірибелік дәрігер науқасты онкологқа жіберуі тиіс.

Халықаралық лимфома күні еске салады: денсаулықты күту сақтық танытып, симптомдарды байқап, дәрігерге уақытылы көрінуден басталады. Табыс кілті — ерте диагностика.

Обнаружили ошибку или мёртвую ссылку?

Выделите проблемный фрагмент мышкой и нажмите CTRL+ENTER.

В появившемся окне опишите проблему и отправьте уведомление Администрации ресурса.

Другие новости

wave
thumb
thumb
thumb
thumb
thumb
thumb

Комментарии (0)

wave

Оставить комментарий

wave