Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Шымкент қаласындағы Coca-Cola İçecek Kazakhstan зауытына барды

Интервью с Еленой Ковардаковой. Про космос. Кино. СССР.

Шымкент қаласы мен Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Coca-Cola İçecek Kazakhstan зауытына барды. Сапар барысында ол кәсіпорынның өндірістік қуаттарымен, технологиялық үдерістерімен және өндірістік қызметінің ұйымдастырылуымен танысты.

Шымкенттегі кәсіпорын Coca-Cola İçecek компаниясының Қазақстандағы үшінші зауыты болды. Ол 2024 жылы ашылды. Жобаға салынған инвестиция көлемі шамамен 27 млрд теңгені құрады, ал өндірістік қуаты жылына 283 млн литр өнім шығаруға жетеді. Қазіргі уақытта кәсіпорында 250-ден астам адам жұмыс істейді.

Зауыттың іске қосылуы компанияның Қазақстандағы өндірістік инфрақұрылымын дамыту және еліміздің оңтүстік өңіріндегі қатысу аясын кеңейту жолындағы маңызды кезең болды. Кәсіпорын өнімнің жоғары халықаралық сапа стандарттарына сәйкес шығарылуын қамтамасыз ететін заманауи жабдықтармен және озық технологиялармен жарақтандырылған.

Coca-Cola İçecek компаниясы Қазақстанда 1994 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде компания ел экономикасына 130 млрд теңгеден астам инвестиция салып, өндірістік инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытып, жергілікті өндіріс көлемін ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашып келеді.

2025 жылғы сәуірде Шымкенттегі зауытқа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барды. Ол ел экономикасын әртараптандыру және өнеркәсіптік әлеуетін нығайту үшін ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Серік Жұманғариннің сапары жүзеге асырылған инвестициялардың нәтижелерімен, кәсіпорынның өндірістік әлеуетімен, сондай-ақ оның өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, жұмыс орындарын ашуға және Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға қосқан үлесімен танысуға мүмкіндік берді.

Обнаружили ошибку или мёртвую ссылку?

Выделите проблемный фрагмент мышкой и нажмите CTRL+ENTER.

В появившемся окне опишите проблему и отправьте уведомление Администрации ресурса.

Другие новости

wave
thumb
thumb
thumb
thumb
thumb
thumb

Комментарии (0)

wave

Оставить комментарий

wave