Қорқыныш пен буллингсіз миллион бала: Алматыда ЮНИСЕФ қорының 80 жылдығына арналған мерейтойлық UNICEF Gala кеші таныстырылды

Интервью с Еленой Ковардаковой. Про космос. Кино. СССР.

Өткен жылғы кеште рекордтық 283 млн теңге жиналған болатын. Биыл ЮНИСЕФ пен бизнес өкілдері 1 000 000 мектеп оқушысын қорлау мен зорлық-зомбылықтан қорғау үшін күш біріктіруде.

The Ritz-Carlton, Almaty қонақүйінде БҰҰ Балалар қорының 80 жылдық мерейтойына орайластырылған UNICEF Anniversary Gala 2026 қайырымдылық кешінің ресми таныстырылымы өтті. Жылдың басты қайырымдылық оқиғасы 20 қараша күні өтпек. Ол ауқымды ұлттық мұрат — зорлық-зомбылық пен мектептегі буллингті түп-тамырымен жою, сондай-ақ балаларды цифрлық кеңістікте қорғау жолында 200 бизнес көшбасшысының, меценаттың, дипломат пен мәдениет қайраткерінің басын қосады.

Уақыт талабы: басты назар неліктен зорлық-зомбылық пен буллингке аударылды?

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген ұлттық зерттеу деректеріне сүйенсек, қазақстандық балалардың 17,5%-ы (әрбір алтыншы бала) ұдайы буллингке ұшырайды. Мектептегі және киберкеңістіктегі қудалау баланың жан дүниесіне ұзақ жылдар бойы жазылмас жара салып, әлеуметтік оқшаулануға және оқу үлгерімінің құлдырауына әкеп соғады.

2026 жылғы 20 қарашадағы Гала-кеште тартылатын қаражат балаларды қорғаудың кешенді бағдарламасына бағытталады:

  1. 1 000 000 мектеп оқушысы буллингтің алдын алуға және қауіпсіз білім беру ортасын құруға бағытталған жүйелі бағдарламалармен қамтылады;
  2. 15 000 бейінді маман (мұғалімдер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, заңгерлер мен полиция қызметкерлері) қауіп-қатерлерді дер кезінде тану және зорлық-зомбылық жағдайларына ден қою бойынша қайта даярлаудан өтеді;
  3. Қазақстанның барлық 20 өңірінде «бір терезе» қағидатымен жұмыс істейтін 20 мамандандырылған орталық зардап шеккен балаларға қайта жарақаттануға (ретравматизацияға) жол бермей, ұқыпты әрі жан-жақты қолдау көрсетеді.

Ашықтық пен нәтиже: рекордтық 283 миллион теңге қайда жұмсалды?

Гала-кеш форматы өзінің жоғары тиімділігін нақты іспен дәлелдеді: 2025 жылы Алматыда өткен қайырымдылық кешінде жасөспірімдердің психикалық саулығын қолдауға рекордтық 283 миллион теңге жиналып, бұл шара Еуропадағы Marriott қонақүйлер желісі арасында ең үздік қайырымдылық бастамасы деп танылды.

Ұйымдастырушылар бағдарламаның бүгінгі нәтижелерін жария етті:

  1. Қазірдің өзінде 200 000-нан астам маман оқытудан өтті: 197 875 білім беру қызметкері «Senimdi Dos» бағдарламасын меңгерді, мектептер мен колледждердің 3 254 психологы даярланды, сондай-ақ 1 062 медицина қызметкері ДДСҰ мен ЮНИСЕФ-тің mhGAP халықаралық хаттамасы бойынша білімін жетілдірді.
  2. Бағдарлама Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Жамбыл мен Түркістан облыстарында кең қанат жайды. Келесі кезең 140 000 жасөспірімді, оның ішінде қауіп тобындағы 10 000 балаға ерте көмек көрсетуді қамтиды.

«Бала қатыгездікке тап болған шақта, қауіпсіздік ұғымы қарапайым ғана сезімдерден бастау алады: сыныпқа алаңсыз кіру, үйге қорықпай оралу және жанындағы ересектердің өзін тыңдап, қорғайтынына кәміл сену. ЮНИСЕФ-тің 80 жылдығында біз бірде-бір бала қиындықпен жалғыз қалмайтын мызғымас жүйе құру жолында мемлекетті, қоғамды және әлеуметтік жауапкершілігі зор бизнесті бір шаңырақ астына біріктіріп отырмыз», — деп атап өтті ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Өкілі д-р Рашед Мұстафа Сарвар.

Тұсаукесер жаңалығы: бірегей лоттар мен жұлдызды бағдарлама

11 қазанда The Ritz-Carlton, Almaty қонақүйінде өткен шара барысында ұйымдастырушылар 20 қарашадағы қайырымдылық аукционына қойылатын алғашқы сирек лоттардың шымылдығын түрді:

  1. 1969 жылғы музей деңгейіндегі қазақтың тұскиізі — Наталья Кривец пен Тьерри Плезанның жеке қорынан ұсынылған дәстүрлі тоқыма өнерінің баға жетпес жәдігері.
  2. Сальвадор Далидің «Тристан мен Изольда» (Tristan et Iseult, 1970) топтамасынан шыққан туындысы — құрғақ ине (drypoint) техникасымен орындалған түрлі түсті эстамп. Бұл өнер туындысын Pygmalion галереясының негізін қалаушы Данагүл Төлепбай ұсынды.

Алдағы салтанатты кештің мәдени бағдарламасы да таныстырылды. 20 қарашадағы Гала-кештің сахнасын әлемге әйгілі опера әншісі әрі ЮНИСЕФ-тің Досы Мария Мудряк, танымал орындаушы Dequine, The Jigits тобы әрлендірмек. Сондай-ақ шара меймандарына ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Ізгі ниет елшісі — ALEM (Ninety One тобының мүшесі) арнайы бейнеүндеу жолдады.

Тұсаукесерде The Ritz-Carlton, Almaty қонақүйінің бас менеджері Александр Селл мен Психологиялық қолдау орталығы (ПҚО) директорының орынбасары Әсем Жұманова сөз сөйлеп, жасөспірімдерге дер кезінде жан жылуы мен кәсіби көмек көрсетудің шынайы оқиғаларын баяндады.

Кеш бейресми нетворкингпен және EYELISH орындаушысының музыкалық сетімен түйінделді.

UNICEF Anniversary Gala 2026 кешіне қалай қатысуға болады?

20 қарашада өтетін кешке қатысу, компания атынан корпоративтік үстелге тапсырыс беру, қайырымдылық үлесін қосу немесе аукционға өз лотын ұсыну үшін ресми сайтқа кіруге болады: unicefgala.kz

Обнаружили ошибку или мёртвую ссылку?

Выделите проблемный фрагмент мышкой и нажмите CTRL+ENTER.

В появившемся окне опишите проблему и отправьте уведомление Администрации ресурса.

Другие новости

wave
thumb
thumb
thumb
thumb
thumb
thumb

Комментарии (0)

wave

Оставить комментарий

wave