Visa Орталық Азия және Африка елдеріндегі жаңа эмитенттер үшін Visa Pay шешіміне қолжетімділікті бағдарламалық жасақтама әзірлеу жинағы (software development kit, SDK) арқылы кеңейтуде. Бұл банктерге, мобильді ақша операторларына және финтех-компанияларға Visa Pay-ды қолданыстағы мобильді қосымшаларға тікелей интеграциялауға, сондай-ақ виртуалды карталар мен төлем сервистерін жылдам әрі қауіпсіз іске қосуға мүмкіндік береді.
Visa Pay — бұл қауіпсіз және кең ауқымды шешімдермен үйлесімді функция. Ол банктік шот иелеріне де, дәстүрлі банктік қызметтерге қол жеткізе алмайтын адамдарға да төлем жасауға, қаражат алуға және банктер, финтех-компаниялар мен мобильді желілер арасында ақша аударуға мүмкіндік береді.
Эмитент жағындағы төлемдерді өңдеу құралдарының біріктірілуі, кірістірілген пайдаланушы интерфейсі, токенизацияны қосу мүмкіндігі, сондай-ақ сертификатталған қауіпсіздік және нормативтік талаптарға сәйкестік компоненттері SDK-ның Visa Pay шешімін енгізуді жеделдетіп, жеңілдетеді. Бұл әсіресе цифрлық трансформация инфрақұрылымы жеткіліксіз дамыған елдерде маңызды рөл атқарады.
Әртүрлі нарықтардағы төлем сценарийлерін қолдау
Бүгінде Visa Pay SDK-сы Орталық Азия мен Африканың көптеген елдерінде эмитенттер тарапынан енгізілуде. Серіктестер қатарында банктер, мобильді ақша операторлары, финтех-компаниялар және лицензияланған төлем қызметтерін жеткізушілер бар.
Visa Pay электрондық коммерция мен халықаралық ақша аударымдарын, мобильді әмияндарға байланыстырылған виртуалды карталарды, виртуалды карталар эмиссиясын, гуманитарлық төлемдерді, сондай-ақ төлемдерді өңдеуді технологиялық қамтамасыз етуді қоса алғанда, төлем сценарийлерінің кең ауқымын қолдайды.
Болашақта Visa Pay жаңа функциялармен толықтырылып, күнделікті төлемдерді одан әрі жеңілдететін болады. Жақын арада күтілетін жаңалықтардың бірі — Tap to Pay функциясы. Ол тұтынушыларға телефонды бесконтактты төлемді қолдайтын терминалға жақындату арқылы қауіпсіз төлем жасауға мүмкіндік береді.
«Visa Pay шешімі эмитенттерге нарықтағы кең ауқымды қажеттіліктерді қанағаттандыруға көмектесуге бағытталған — қауіпсіз электрондық коммерция мен халықаралық ақша аударымдарынан бастап, мобильді әмияндарға байланыстырылған виртуалды карталарға, гуманитарлық төлемдерге, жеке тұлғалар арасындағы аударымдарға және болашақтағы контактісіз төлем сценарийлеріне дейін»,— деді Годфри Салливан, Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Африка аймағындағы Visa өнімдер мен шешімдер бағытының аға вице-президенті әрі жетекшісі. — Visa Pay функцияларын қолданыстағы мобильді қосымшаларға тікелей біріктіруге мүмкіндік бере отырып, SDK банктерге, мобильді ақша операторларына және финтех-компанияларға тұтынушыларға сенімді цифрлық төлем сервистерін жылдамырақ ұсынуға көмектеседі, әрі ішкі және трансшекаралық төлем сценарийлерін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.








