Алматыда мерзімі өткен бір тоннадан астам дәрі қоқысқа тасталмай, қауіпсіз түрде жойылды: Қазақстан жүйелі шешімге дайын ба?

Интервью с Еленой Ковардаковой. Про космос. Кино. СССР.

Алматы, 2026 жылғы 24 маусым. Алматыда мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді жинау және қауіпсіз кәдеге жарату (утилизациялау) жөніндегі қалалық жүйенің алғашқы жұмыс жылында 1 171 килограмм1 мерзімі өткен және пайдаланылмаған дәрілік препараттар жиналып, жойылды. Алғашқы жылдың басты нәтижесі – қалада дәрі-дәрмек қалдықтарымен қауіпсіз жұмыс істеудің алғашқы ауқымды жүйесінің құрылуы болды. Бұл жүйе жергілікті бастамаларды жаңа деңгейге көтерді. Енді сала алдында тұрған басты сұрақ – Қазақстан бұл мәселеде жергілікті бастамалардан жүйелі шешімге көшуге дайын ба? 

Жобаны қалалық пилоттық форматта дамытуға бастамашы болған STADA фармацевтикалық компаниясының қолдауымен ECO Network экологиялық ұйымы жүзеге асыруда. Алматы қаласының әкімдігі де бұл жобаны маңызды экологиялық бастама және бизнес пен мемлекеттің тиімді серіктестігінің үлгісі ретінде атап өтіп, қолдау көрсетіп келеді.

Жоба іске қосылғанға дейін Алматыда дәрі-дәрмек қалдықтарын жинау бастамалары үзік-үзік сипатта болып, қала бойынша бірыңғай жинау жүйесін қамтамасыз ете алмаған еді. Бүгінде Алматыда 38 тұрақты жинау пункті жұмыс істейді, оның 36-сы қалалық емханаларда орналасқан. Құрылған инфрақұрылым тұңғыш рет фармацевтикалық қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеудің толық тізбегін — препараттарды тұрғындардан жинаудан бастап, оларды экологиялық тұрғыдан қауіпсіз кәдеге жаратуға дейінгі процесті жолға қоюға мүмкіндік берді.

«Осыдан бір жыл бұрын біз бұл жобаны қарапайым, бірақ маңызды сұрақпен бастаған едік: Алматыда мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді қауіпсіз жинау мен кәдеге жаратудың тиімді жүйесін құру мүмкін бе? Бүгін біз бұл сұрақтың жауабы «иә» екенін көріп отырмыз. Жүйе жұмыс істеп тұр және оған сұраныс жоғары. Ендігі келесі қадам – осы модельді ауқымды ету үшін бизнес, мемлекет және қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіру», - деп атап өтті STADA Kazakhstan бас директоры Наталья Гарипова.

Құрылған жүйенің өміршеңдігі тек инфрақұрылыммен ғана емес, медициналық ұйымдардың белсенді қатысуымен де дәлелденіп отыр. Satbayev University еріктілерінің қатысуымен өткен тәуелсіз аудит 34 емхананы қамтыды. Медициналық мекемелердің 70%-дан астамы жобаға жоғары деңгейде атсалысқанын көрсетті, ал бұл бастаманы қолдаудың орташа бағасы 5 ұпайдан 3,94-ті құрады.

Жобаның табысты болуына медицина қызметкерлерінің белсенді қатысуы маңызды рөл атқарды. Көптеген емханаларда дәрігерлер мен тіркеу бөлімінің қызметкерлері бұл бастаманың басты бағыттаушысына айналып, емделушілерге мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді дұрыс кәдеге жаратуға көмектесті. Жинау бойынша ең жоғары көрсеткішті №1, №23 және №4 қалалық емханалар көрсетті, бұл мекемелердің әрқайсысында жиналған препараттардың көлемі 70 килограмнан асты.

«Алғашқы жыл ішінде жоба басты сынақтан – іс жүзіндегі тексерістен өтті. Біз инфрақұрылымның тұрақты жұмысын, жинау көлемінің орнықтылығын және медициналық мекемелердің шынайы қызығушылығын көрдік. Бұл құрылған модельдің бұдан да ауқымды жүйелі шешімге негіз бола алатынын дәлелдейді», - деді ECO Network негізін қалаушы Евгений Мұхамеджанов.

Жиналған препараттар осындай қалдықтармен жұмыс істеуге қажетті барлық лицензиясы мен рұқсаты бар компанияға өткізіледі. Кәдеге жарату (жою) арнайы инсинераторлық жабдықта жүзеге асырылады: бұл процесс негізгі жану камерасын және бөлшектердің толық жануы мен газ ағынын қосымша тазарту жүретін екі кейінгі жану камерасын қамтиды. Мұндай көп сатылы жүйе атмосфераға бөлінетін қалдықтарды барынша азайтуға мүмкіндік береді және фармацевтикалық қалдықтардың экологиялық тұрғыдан қауіпсіз жойылуын қамтамасыз етеді.

Бірінші жылдың нәтижелері жобаны жергілікті бастама аясынан шығарып, сала алдына басты сұрақты қойып отыр: Алматыда қалыптасқан бұл модельді ұлттық деңгейдегі жүйелі шешімнің негізіне қалай айналдыруға болады?

«Бүгінгі таңда әңгіме тек бір ғана пилоттық жобаның табысы туралы болып отырған жоқ. Сала алдында бұдан да ауқымды міндет тұр – Қазақстанда фармацевтикалық қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеудің тұрақты механизмін қалыптастыру. Ал бұған фармацевтикалық компаниялардың, кәсіби қоғамдастық пен мемлекеттік институттардың күш-жігерін біріктірмейінше қол жеткізу мүмкін емес», - деп атап өтті Қазақстан Республикасының Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова.

Алматы тәжірибесі бұл бастамаға деген сұраныстың жоғары екенін ғана емес, құрылған модельдің тиімділігін де дәлелдеді. Бүгінде ECO Network пен STADA жинақтаған тәжірибесімен және құрылған инфрақұрылымымен бөлісуге дайын, бұл фармацевтика нарығының басқа да қатысушыларына бастамаға қосылып, оның дамуына өз үлестерін қосуға мүмкіндік береді. Келесі кезеңде жоба бір ғана компанияның бастамасы аясынан шығып, салалық деңгейге өтеді, онда оның бұдан былайғы дамуы нарықтың барлық қатысушыларының бірлескен күш-жігерімен айқындалатын болады. Жобаның алдағы табысы саланың күш біріктіруге, жоба ауқымын кеңейтуге және жергілікті бастаманы тұрақты ұлттық шешімге айналдыруға дайындығына байланысты.

Обнаружили ошибку или мёртвую ссылку?

Выделите проблемный фрагмент мышкой и нажмите CTRL+ENTER.

В появившемся окне опишите проблему и отправьте уведомление Администрации ресурса.

Другие новости

wave
thumb
thumb
thumb
thumb
thumb
thumb

Комментарии (0)

wave

Оставить комментарий

wave