Ozon Қазақстан: сатып алушылардың 70%-ы үшін онлайн сатып алу кезінде пікірлер мен рейтинг шешуші фактор болып саналады

Ozon мыңнан астам ресейлік қолданушы арасында сауалнама жүргізіп, пікірлердің сатып алу мінез-құлқына қалай әсер ететінін анықтады. Респонденттердің басым бөлігі үшін басқа сатып алушылардың пікірі жеткізу мерзімінен де маңыздырақ, ал тауардың «қауіпсіз» әрі сенімді рейтингі 4,8 жұлдыздан басталады.

Бүгінде Ozon Қазақстандағы сатушылардың 95%-дан астамы өз тауарларын Ресей нарығына шығарып отыр. 2026 жылдың бірінші тоқсан қорытындысы бойынша, ресейлік сатып алушылар қазақстандық кәсіпкерлерден сұлулық пен денсаулыққа арналған тауарларға ең көп тапсырыс берген. Бұл санаттағы сатылым көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5 еседен астам өскен. Сондай-ақ сұраныс авто және мототауарларға (шамамен 5 есеге), тұрмыстық химия мен гигиена тауарларына (шамамен 5 есеге), үйге арналған тауарларға (4 еседен астам), жөндеу және құрылыс тауарларына (3 еседен астам) артқан.

Ozon Қазақстан сарапшылары 1000-нан астам сатып алушы арасында сауалнама жүргізіп, қатысушылардың 50%-дан астамы маркетплейстерде айына бірнеше рет сауда жасайтынын анықтады. Ал әрбір үшінші пайдаланушы онлайн алаңдарды аптасына бірнеше рет қолданады.

Тауар таңдағанда қолданушылар ең алдымен бағаға, жеңілдіктерге, пікірлер мен рейтингке назар аударады. Бұл факторлар тауар карточкасының визуалды безендірілуінен әлдеқайда маңызды болып шықты: фотосуреттер мен сипаттама сауалнамаға қатысқандардың тек 30%-ы үшін маңызды. Жеткізу мерзімі – 18%, ал өндірілген ел – 9% үшін ғана маңызды көрсеткіш.

Пікірлер сатып алу туралы шешім қабылдаудағы ең негізгі фактор болып отыр. Ozon дерегінше, қолданушылардың 66%-ы сатып алар алдында пікірлерді міндетті түрде оқиды, ал үштен бірі мұны әрдайым жасайды. Сонымен қатар, сатып алушылар тек жалпы бағаға емес, пікір мазмұнына да мән береді. Орта есеппен пікірлерді зерттеуге 3–5 минут жұмсалады, алайда жасы үлкен қолданушылар оларды мұқият оқып, 10 минуттан астам уақыт бөлуге дайын. Жалпы алғанда, әйелдер ерлерге қарағанда пікірлерді тереңірек талдайды.

Тауар рейтингі де сатып алушылар үшін маңызды рөл атқарады. Пайдаланушылардың жартысы үшін сатып алуға қолайлы рейтинг – 4,8 жұлдыздан жоғары, ал қалған үштен бірі 4,5–4,7 аралығындағы көрсеткішке сүйенеді. Сонымен бірге, сатып алушылар рейтингті пікірлердің саны мен сапасымен бірге бағалай бастады. Егер пікірлер аз болса, қолданушылар тауар сапасына көз жеткізу үшін қосымша ақпарат іздейді. Ал пікірлер көп болған жағдайда олардың мазмұнына көбірек көңіл бөлінеді: адамдар пікірлерді оқып, фотосуреттерді қарайды, тауарды нақты қолдану тәжірибесін бағалауға тырысады.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, пікірлердің маңыздылығы тауар санатына қарай да өзгереді. Респонденттердің жартысы «Киім, аяқ киім және аксессуарлар», сондай-ақ «Тұрмыстық техника және электроника» санаттарындағы пікірлерді мұқият оқиды. Сонымен бірге ТОП-5-ке сұлулық пен денсаулық тауарлары, үйге арналған тауарлар және азық-түлік өнімдері кірді. Бір қызығы, киім санатындағы пікірлерді ең мұқият зерттейтін топ – 18–25 жас аралығындағы қыздар.

Ozon — дамыған логистикалық желісі бар көпсанатты маркетплейс. Компания Қазақстан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Грузия, Түрікменстан, сондай-ақ Қытай мен Түркияда жұмыс істейді. Алаңда 20-дан аса санат бойынша 370 миллионнан астам тауар атауы ұсынылған: кітаптар мен киімнен бастап азық-түлік пен денсаулыққа арналған тауарларды қамтиды. 67,3 миллион белсенді сатып алушы тапсырыстарын Ozon дамыған логистикалық инфрақұрылымы арқылы алып отыр. Бұл инфрақұрылым 600 мыңнан астам кәсіпкерге Ресей және ТМД елдерінде өз тауарларын сатуға мүмкіндік береді.


Обнаружили ошибку или мёртвую ссылку?

Выделите проблемный фрагмент мышкой и нажмите CTRL+ENTER.

В появившемся окне опишите проблему и отправьте уведомление Администрации ресурса.

Другие новости

wave
thumb
thumb
thumb
thumb
thumb
thumb

Комментарии (0)

wave

Оставить комментарий

wave