28 наурыз — Көп ошақты миеломамен күресудің халықаралық күні: сирек кездесетін, бірақ ауыр ағыммен сипатталатын ауруға назар аудару

Интервью с Еленой Ковардаковой. Про космос. Кино. СССР.

Жыл сайын 28 наурызда әлемде Көп ошақты миеломамен күресудің халықаралық күні атап өтіледі. Бұл күн қан жүйесінің онкогематологиялық ауруларының бірі — көп ошақты миелома туралы халықтың хабардарлығын арттыруға, науқастар мен олардың жақындарын қолдауға, сондай-ақ ерте диагностика мен емдеудің заманауи тәсілдерін дамыту қажеттілігіне назар аударуға бағытталған.

Көп ошақты миелома деген не?

Көп ошақты миелома — сүйек кемігінде орналасқан плазмалық жасушалардың қатерлі пролиферативті ауруы. Ауру барысында атипиялық плазмоциттер бақылаусыз көбейіп, қалыпты гемопоэзді, иммундық жауапты және сүйек тінінің құрылымын бұзады. Аурудың ағымы көбіне баяу, ұзақ уақыт клиникалық айқын белгілерсіз өтуі мүмкін. Ерте кезеңдерде ол остеохондроз немесе пиелонефрит сияқты кең таралған аурулармен шатастырылуы ықтимал, бұл дер кезінде диагноз қоюды қиындатады. Кеш кезеңдерде сүйек тінінің деструкциясы, бүйрек функциясының бұзылыстары, анемия және иммунитеттің төмендеуі дамып, пациенттің өмір сапасын едәуір нашарлатады. Сонымен қатар, көп ошақты миелома қайталанбалы сипатқа ие: ремиссия кезеңдері уақыт өте келе аурудың үдеуімен алмасуы мүмкін. Сондықтан емдеудің негізгі мақсаттарының бірі - тұрақты және мүмкіндігінше ұзақ ремиссияға қол жеткізу. Салыстырмалы түрде сирек кездескенімен, көп ошақты миелома жаһандық деңгейде сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің маңызды себептерінің бірі болып қала береді.

Ресми статистика

GLOBOCAN 2022 деректеріне сәйкес, әлемде жыл сайын шамамен 188 000 жаңа көп ошақты миелома жағдайы тіркеледі және шамамен 121 000 адам осы аурудан қайтыс болады. Қазақстан Республикасында көп ошақты миелома барлық қатерлі ісіктердің шамамен 1%-ын және гемобластоздардың 10–13%-ын құрайды. Алғаш рет диагноз қойылған науқастардың орташа жасы — шамамен 70 жас, бұл аурудың жасқа тәуелділігін көрсетеді. Сирек кездесетіндігіне қарамастан, соңғы жылдары елде аурушаңдықтың өсу үрдісі байқалады, бұл, соның ішінде, халықтың қартаюымен де байланысты.

Емдеудің заманауи тәсілдері

Қазақстан медициналық қауымдастығы инновациялық дәрілік препараттарды, соның ішінде таргеттік терапияны және сүйек кемігін трансплантациялауды қамтитын заманауи клиникалық хаттамаларды белсенді түрде енгізуде. Қазіргі таңда көп ошақты миеломаны емдеу тактикасы мультикомпонентті дәрілік комбинацияларды қолдануға және терапияны дараландыру қағидатына негізделген. Емдеу схемасы пациенттің жасына, соматикалық мәртебесіне, қатар жүретін ауруларына және аурудың биологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдалады. Бұл тәсіл көп ошақты миеломаны тиімді бақылауға болатын созылмалы ауру ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде пациенттердің өмір сүру ұзақтығы артып, өмір сапасы сақталады — олар әлеуметтік белсенділігін, еңбек қабілетін және жақындарымен қарым-қатынасын жалғастыра алады.

Ерте диагностиканың маңыздылығы

Көп ошақты миелома көбіне кеш кезеңдерде анықталатындықтан, уақтылы медициналық тексерулерден өту және дәрігерге жүйелі түрде қаралу ерекше маңызға ие. Ерте диагностика ауруды бастапқы кезеңде анықтауға, тиімді ем тактикасын таңдауға, асқынулар қаупін төмендетуге және пациенттің өмір сапасын сақтауға мүмкіндік береді. Мынадай белгілер байқалған жағдайда медициналық тексеруден өту ұсынылады:

 

Сүйектердегі тұрақты ауырсыну — әсіресе омыртқа, қабырға және жамбас аймағында;

Тұрақты әлсіздік пен шаршағыштық — анемиямен байланысты;

Жиі қайталанатын инфекциялар — иммунитеттің төмендеуіне байланысты;

Қан кетуге бейімділік немесе оңай көгеру — тромбоцитопения белгісі;

Бүйрек функциясының бұзылуы немесе гиперкальциемия белгілері — шөлдеу, іштің ауыруы;

Себепсіз салмақ жоғалту, аяқ-қолдардың ұюы немесе әлсіздігі.

Аталған симптомдар ұзақ уақыт сақталған жағдайда дәрігерге жүгіну қажет. Уақтылы диагноз қою емді ерте бастауға, ұзақ ремиссияға қол жеткізуге және өмір сапасын сақтауға мүмкіндік береді.

 

Науқастар мен олардың жақындарын қолдау

Көп ошақты миеломаны басқарудың заманауи тәсілі тек медициналық емдеумен шектелмейді. Ол пациенттер мен олардың жақындарын кешенді түрде - психологиялық, әлеуметтік және ақпараттық тұрғыдан қолдауды қамтиды. Медицина қызметкерлерінің, пациенттік ұйымдардың және қоғамның үйлесімді өзара әрекеттестігі көп ошақты миеломамен өмір сүретін адамдарға толыққанды және белсенді өмір сүруге мүмкіндік береді. Көп ошақты миеломамен күресудің халықаралық күні — ауруды ерте анықтаудың, заманауи емдеу әдістеріне қолжетімділікті қамтамасыз етудің және кешенді қолдаудың маңыздылығын айқындай отырып, науқастардың белсенді әрі сапалы өмірін ұзартуға болатынын еске салатын маңызды күн.

 

«Такеда Казахстан» компаниясы туралы

«Такеда Казахстан» — бас кеңсесі Жапонияда орналасқан, адамдардың денсаулығын жақсартуға және бүкіл әлем үшін жарқын болашақ қалыптастыруға бағытталған Takeda жаһандық биофармацевтикалық компаниясының бөлімшесі. Компания пациенттердің өмір сапасын арттыратын дәрілік препараттарды әзірлейді және негізгі терапевтік әрі бизнес бағыттары бойынша терапияға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Аталған бағыттарға гастроэнтерология және қабыну аурулары, сирек кездесетін аурулар, қан плазмасына негізделген терапия, онкология, неврология және вакциналар кіреді. Құндылықтарға негізделген және инновацияға ұмтылған жетекші биофармацевтикалық компания ретінде Takeda пациенттерге, қызметкерлерге және тұтастай планетаға қамқорлық жасауды өз міндетіне айналдырған. Әлемнің 80 елi мен аймағындағы қызметкерлер компанияның екі ғасырдан астам уақыт бойы қалыптасқан миссиясы мен құндылықтарын басшылыққа алады.

 

Қазақстанда компания 2013 жылдан бері жұмыс істейді. Компания портфелінде 20-дан астам препарат бар, оның ішінде 10 инновациялық әрі өмірлік маңызды өнім бар. «Такеда Қазақстан» пациенттердің өмір сапасын жақсартуға және терапияның қолжетімділігін арттыруға бағытталған инновациялық шешімдерді дамытуға жүйелі түрде инвестиция салып келеді. www.takeda.com/kk-kz/

 

Ақпарат «Такеда» компаниясының қолдауымен тек ақпараттық мақсатта ұсынылды. Ауруды диагностикалау немесе емдеу мәселелері бойынша өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге жүгініңіз.

«Такеда Казахстан» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 77, 6-қабат, Тел.: +7 (727) 244 40 00 Электрондық пошта: Kazakhstan@takeda.com



Обнаружили ошибку или мёртвую ссылку?

Выделите проблемный фрагмент мышкой и нажмите CTRL+ENTER.

В появившемся окне опишите проблему и отправьте уведомление Администрации ресурса.

Другие новости

wave
thumb
thumb
thumb
thumb
thumb
thumb

Комментарии (0)

wave

Оставить комментарий

wave