Canon компаниясы PowerShot сериясының 30 жылдығын PowerShot G7 X Mark III фотоаппаратының мерейтойлық нұсқасын шығарумен атап өтеді

Интервью с Еленой Ковардаковой. Про космос. Кино. СССР.

Алматы, Қазақстан, 9 ақпан 2026 жыл — 2026 жылы Canon компаниясының PowerShot ықшам цифрлық фотоаппараттарының шыққанына 30 жыл толады. Осы оқиғаның құрметіне 2026 жылдың сәуір айында мерейтойлық PowerShot G7 X Mark III нұсқасы шығарылады, оның корпусының түсі өзгеріп, логотипке ие болады. 

1996 жылдың шілдесінде алғашқы PowerShot 600 моделі шыққалы бері PowerShot фотоаппараттары пайдаланушылардың түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін үнемі жетілдіріліп келді, ал соңғы кезде PowerShot V1 және PowerShot V1 модельдері шығарылды. Жоғары сапалы кескіндер мен бейнелерді жасауды жеңілдету үшін жасалған PowerShot бренді жаңадан бастаған фотографтардан бастап кәсіби мамандарға дейін көптеген пайдаланушылар арасында танымал. 

Соңғы 30 жылда Canon PowerShot фотоаппараттары үздіксіз дамып, озық әзірлемелер мен жетілдірілген дизайн арқасында тұтынушылардың өзгермелі қажеттіліктерін қанағаттандыра білді. Айтулы жаңа өнімдер арасында 2001 жылғы PowerShot Pro90 IS объективінде кескінді тұрақтандыру жүйесінің енгізілуі, G сериясында RAW форматында түсіру мүмкіндігінің пайда болуы, 4K форматында ұзағырақ бейнежазба жүргізуге арналған кіріктірілген салқындату желдеткіші бар алғашқы ықшам модель — инновациялық PowerShot V1 шығуы кіреді. 

Бүгінгі таңда Canon контент жасаушылардың көңілінен шыққан камералардың кең ауқымын ұсынады. PowerShot G сериясы ықшам корпуста жоғары кескін сапасын және әмбебаптықты қамтамасыз етеді, ал PowerShot V сериясы еш қиналмай, толыққанды бейнетүсірілім жүргізуді оңайлатады, ал PowerShot SX сериясы кескінді жоғары деңгейде үлкейтуге қабілетті әсерлі зум мүмкіндіктерін ұсынады. 

Модельдің 30 жылдығына арналған мерейтойлық PowerShot G7 X Mark III 

Аталмыш мерейтойлық модель жаңа, шектеулі шығарылымдағы графит түсті корпусқа, твид өрнегімен безендірілген алдыңғы сақинаға ие, сонымен қатар осы модельдің танымал болуына себеп болған барлық қасиеттер мен өнімділік сақталған. Корпусқа 30 жылдық мерейтой логотипі басылады, ал камера арнайы жасалған мерейтойлық қорапта сатылады. 

Мерейтойлық G7 X Mark III нұсқасында шамамен 20,1 миллион тиімді пиксель¹ бар 1,0 дюймдік көп қабатты CMOS сенсоры, үлкен диафрагма, сонымен қатар әртүрлі стильдермен және эффектілермен бейнелер жасауға мүмкіндік беретін 4,2 еселік оптикалық зумы бар жарық күші жоғары объектив сақталған. Фототүсіріліммен қатар видеоблогинг үшін арнайы жасалған «Видеоблог» түсіру режимі бейнеролик жасауды ыңғайлы әрі интуитивті тұрғыдан түсінікті етеді.

Қосымша ақпарат алу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз: https://www.canon-kz.com/cameras/powershot-g7-x-mark-iii/ 

Обнаружили ошибку или мёртвую ссылку?

Выделите проблемный фрагмент мышкой и нажмите CTRL+ENTER.

В появившемся окне опишите проблему и отправьте уведомление Администрации ресурса.

Другие новости

wave
thumb
thumb
thumb
thumb
thumb
thumb

Комментарии (0)

wave

Оставить комментарий

wave